2021 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тартылған халықтың үлесі» нысаналы индикаторы туралы
2021 жылға арналған қоғамдық сананы жаңғырту саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға халықтың тартылу көрсеткішінің кемінде 31%-ке қол жеткізу мақсатын қойдық (2021 жылдың нақты көрсеткіші – 38,4%).
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қуатты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыруға бағытталған.
Оның негізгі нәтижесі өз болашағы үшін жауапкершілікті, жеке бәсекеге қабілеттілік пен прагматизмді арттыру, ұлттық мәдениетті дамыту, азаматтардың бойында білімге құштарлықты, сананың ашықтығын - үздік идеялар мен практикаларға бейімділікті қалыптастыру, сондай-ақ экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу болып табылады.
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелі дамыту оның негізгі үш бағытымен қамтамасыз етілуде: «Тұлғалық даму», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы».
Қоғамдық сананы жаңғырту жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдар, түрлі ұйымдар мен қазақстандық қоғамның белсенді бөлігі тартылған.
Арнайы жобалар негізгі тірек нүктелері болып қала береді, оларды іске асыруда тұрақты оң динамиканы атап өтуге болады, ол өткізілетін іс-шаралардың саны мен сапасында және оларға бизнес өкілдері мен меценаттардың тартылу деңгейінде көрінеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы форматына көшті.
Жол картасы шеңберінде жастарды қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, өскелең ұрпақты дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған жастарды қалыптастыруға бағытталған «Ulttyq tárbıe» жобасы іске асырылуда.
Қазіргі таңда ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, жас ұрпақтың санасын жаңғыртуға және қазақстандықтардың патриотизм деңгейін арттыруға бағытталған «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?», «Ақылды ұрпақ», «Арамыздағы батырлар», «Кемел болашақ», жобалар іске асырылуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы «Кітап оқитын мектеп» жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту мақсатында (2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша) мектептердің кітап қоры 19 млн. данамен толықтырылды.
Көркем кітаптардың ең көп көлемі Батыс Қазақстан (269 мың бірлік), Қарағанды (230 мың бірлік), Түркістан (156 мың бірлік) облыстарында сатып алынды. Оның 89,9%-ы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.
2021-2022 оқу жылына 13 млн. данаға білім беру ұйымдарының кітап қорын толықтыру жоспарланды, оның 1,6 млн. данасы – көркем әдебиеттер.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарын жаңғырту шеңберінде кітапханалардың материалдық-техникалық базасын трансформа-циялау жүргізілуде (оқу залдарымен, кітап қоймаларымен қамтамасыз ету, кітапхана процесін автоматтандыру).
Осы бағытта іске асырылып жатқан шаралар балалардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде республика оқушылары арасында 154 республикалық дебат турнирі, 88 аудандық және 41 облыстық деңгейдегі турнир, жазғы пікірсайыс марафондары ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында Екатеринбург, Челябинск, Уфа, Новосибирск, Барнаул, Томск және т.б. университеттердің пікірсайыс клубтарымен ынтымақтастық орнатылды.
«Jastarga – kenes», «Jastarga – bilim», «Jastarga – qyzmet», «Jastarga – jumys» жобалары шеңберінде ағымдағы кезеңде аталған 4 жобаны іске асыруға барлық 209 жастар ресурстық орталығы қатысты.
«Jastarǵa – keńes» жобасы барысында онлайн консультация арқылы 166 540 астам жастарға қолдау көрсетілді, «Jastarǵa-bilim» жобасы шеңберінде жалпы 127 092 астам жас адамды қамти отырып, семинарлар, вебинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. «Jastarǵa-qyzmet» жобасы шеңберінде 145 963 адам қамтылған онлайн іс-шара өткізілді және әлеуметтік желілерде 300-ден астам ақпараттық материал жарияланды.
Назарбаев зияткерлік мектептері базасында «NIS-Engineering» шығармашылық зертханаларын құру жобасы шеңберінде қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қостанай қалаларының Назарбаев зияткерлік мектептерінде және Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық мектебінде «NIS-engineering» инженерлік зертханалары құрылды, оларда заманауи технологиялар, инженерия, цифрлық медиа-өнімдер мен медиа-технологиялар, кодтау және бағдарламалау және т.б. салалар зерттеледі.
Инженерлік зертханалар базасында оқушыларға инженерия, өнер, инновация, цифрлық медиа-өнімдер мен медиа-технологиялар, кодтау және бағдарламалау саласында элективті курстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, әлемде болып жатқан жаңа шындық пен өзгерістерді ескере отырып, «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында бірқатар жаңа арнайы жобалар іске қосылды:
- «Үнем – қоғам қуаты» – прагматикалық өмір салтын енгізу;
- «Дәстүр мен ғұрып» – ұмытылған, бірақ қазіргі әлемде өзекті дәстүрлерді жаңғырту;
- «Құқықтық мәдениет» – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- «Еңбек – елдің мұраты» – жас ұрпақты еңбекке деген сүйіспеншілікке баулу, өнімді еңбекке ынталандыру.
Осы тұрғыда облыстарда жергілікті зиялы қауым өкілдерін, ғылыми-сарапшылық ортаны, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы» аясында қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімді қалыптастыру, жастарды өз елінің, өз халқының адамгершілік-рухани мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімін кеңейту мақсатында іс-шаралар өткізілді.
Бұған қоса, қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысымен «Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы бекітілді. Бұл жобада 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 іс-шара қарастырылған.
Жобаны тиімді іске асыру және онда белгіленген нәтижелерге қол жеткізу Қазақстанның қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы стратегиялық міндеттерін шешуге, атап айтқанда, білімнің салтанат қыруын қалыптастыруға, ұлттық бірегейлікті, сананың ашықтығын, прагматизмді сақтауға және халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.