БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті отандық БАҚ-ты қолдау және дамыту аясында үлкен жұмыс атқарды.
2021 жылдың наурыз айының басында журналистерді аккредиттеудің жаңа Ережелері бекітілді, оларда келесі новеллалар қарастырылған:
- аккредиттеу рәсімі тұрақты (1 жылдан астам) және уақытша (біржолғы)болып бөлінеді;
- құжаттар пакеті 4-тен 2-ге дейін қысқартылды (өтініш және жеке басын куәландыратын құжат);
- өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімі 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
- аккредиттеуші ұйым өзінің интернет – ресурсында аккредиттелген журналистердің тізілімін жүргізеді;
- аккредиттеуші ұйым үшін міндеттер көзделген.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айының соңында салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидалары бекітілді. Негізгі постулаттары:
- жеке және заңды тұлғалар салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі әлеуметтік жарнаманы өз бетінше өндіріс жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдарына не өзге де ұйымдарға көрсетілген әлеуметтік жарнаманы шығаруға тапсырыс беру арқылы шарт негізінде қалыптастырады;
- салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы отандық телеарналарда мынадай өлшемшарттар негізінде қалыптастырылады: техникалық параметрлерге сәйкестік; телерадио хабарларын тарату туралы заңнама талаптарына сәйкестік; саламатты өмір салты бағыттарына сәйкестік.
- отандық телеарналарда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін құжаттар тізімі анықталды.
Ағымдағы жылдың маусымында бұдан бұрын телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратудың меншікті спутниктік жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қол жеткізу карталарын және телерадио хабарларын тарату операторларының теле -, радиосигналын жеке қабылдауға арналған жабдықтарды тарату қызметін реттеу бойынша түзетулер қабылданғанын, бірақ осы норманың орындалуын бақылау жөніндегі құзырет белгіленбегенін ескере отырып, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңға түзетулер қабылданды, оның шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары үшін осы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет енгізу көзделген.
Сондай-ақ, Департаментпен журналистердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау жөніндегі регламентін» әзірленіп, Министрліктің ресми сайтына орналастырылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2020 жылы қабылданған бірқатар стратегиялық құжаттарды орындау жалғасуда.
Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Ұлттық жоспары шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілуде, біршама мәселелер анықталды, іске асырудың жаңа тетіктері пысықталуда. Бұдан басқа, халықаралық тәжірибе зерделеніп, 2023-2025 жылдарға арналған жаңа жоспарды әзірлеу мүмкіндігі қарастырылуда.
Саланың кадрлық әлеуетінің кәсіби деңгейін арттыру саласында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Медиа сала мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспар іске асырылды, оның шеңберінде 33 іс-шара орындалды. Ең алдымен, бұл салалық журналистиканың дамуына қатысты болды.
2021 жылы министрлік IT (ХАТУ-мен), аграрлық (М.қозыбаев атындағы СҚУ-мен), құқықтық (М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГҚУ-мен) және қаржы-экономикалық салалар мәселелерін қамтитын (К. Сагадиев атындағы ХБУ-мен) салалық журналистерді даярлау үшін 4 меморандум жасасты.
Медициналық, экологиялық, діни және IT-салаларында 4 оқыту курсы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 4000-нан астам қатысушы қамтылды.
Жетекші отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттері үшін (М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГҚУ) екі жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды: «Журналистика: талдау және тергеу» (М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГҚУ), магистратура студенттеріне арналған «Экологиялық журналистика» (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Сонымен қатар, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры базасында медиамамандар үшін оқытуды ұйымдастыру мен өткізуге арналған мультимедиялық білім беру-ақпараттық платформа іске қосылды.
Сонымен қатар, министрлік Ресей, Ұлыбритания және Түркияның жетекші білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамытуда. Ынтымақтастық шеңберінде шетелдік медиамамандардың қатысуымен оқыту іс-шаралары өткізілді.
Министрлік жас журналистерге кәсіби үлгі келтіруге тырысады. Осыған орай, министрліктің бастамасымен 2021 жылы Х. Досмухамедов атындағы Атырау университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде танымал қазақстандық журналист Дорофеев Михаил Викторович атындағы аудиторияны ашылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде қазақ телевизиясының ардагері, белгілі журналист, тележүргізуші Иманғалиев Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу зертханасын ашылды.