«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 және «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 248 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 419

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі  № 239 және «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 248 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналардың:

1) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19076 болып тіркелді);

2) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21011 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі

 

А. Балаева

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 және «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 248 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 419
Дата публикации
28 декабря 2021