Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2021 жылғы «__» __________
№ ___ бұйрығына
№ 5 қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы бекітеді.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5.1. Міндеттері:
1) мемлекеттік органдарда ашықтық қағидаттарын дамытуды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық қатысу қағидаттарын дамытуды қамтамасыз ету.
5.2. Функциялары:
стратегиялық:
реттеуші:
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу мен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
1) ақпарат иеленушілермен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) ақпарат иеленушілерге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
3) мемлекеттік органдардың «Халық үніне назар аударатын мемлекет» қағидатын қолдану практикасын қорыту;
4) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу кестесін әзірлеу;
5) үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес пен халықтың сұрау салулары мен қажеттіліктеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталған шараларды әзірлеу;
6.1. Міндеттері:
1) мемлекет пен қоғамның коммуникацияларын дамыту мәселелері бойынша, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
6.2. Функциялары:
стратегиялық:
реттеуші:
1) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұраныс бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатты хабарландыру тәсілінің және қоғамдық талқылауды өткізу тәсілінің (-дерінің) толыктығы бойынша корытынды дайындау;
іске асыру:
4) талдау және бағалау негізінде мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
5) күн тәртібін әзірлеуді, анықтамалық материалдар дайындауды, шақырулар таратуды қоса алғанда Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның құрамын бекіту;
6) Стамбул сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарында, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде өзге стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтасыз ету;
7) Департаменттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
8) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, кәсіптік одақтар және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жасау;
9) Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
10) ақпаратқа қол жеткізу және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдауды жүргізу;
11) мемлекет пен қоғамның коммуникацияларын дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік / талдамалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, оның ішінде техникалық ерекшелікті әзірлеу;
12) ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
13) жыл сайын, Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есептің жобасын дайындау;
14) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
15) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу;
16) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы ашықтық дәрежесіне талдау жүргізу;
17) әзірлеуші Департамент болып табылатын немесе оның құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторингін жүргізу.
1) Департаменттің міндеттерін орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан қажетті қосымша ақпараттарды сұратуға және алуға;
2) Департаменттің өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және Министрлікте құқықтық жаппай оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін тартуға;
4) құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін сот талқылауларына қатысуға тарту;
5) заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерге бастама жасауға;
6) нормативтік құқықтық актілер қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, оларға қол қоюдан бас тартуға;
7) шығарылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға негізделген ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау;
9) басшылықтың келісімімен Министрліктің, оның ведомстволарының жұмыскерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, семинарлар, кеңестер өткізуге;
10) Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
сақтауға;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының
өтініштеріне байланысты немесе өзара жұмыс тәртібінің қарым-қатынасы кезінде нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, кеңес беру бойынша ұсынымдар беруге;
3) Атқаратын функционалдық міндеттерін орындау кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
4) Министрлік басшылығының тапсырмасымен Министрлікте және оның ведомстволарында құқықтық жұмыстардың жай-күйін және заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруға және тексерудің қорытынды анықтамасын белгіленген мерзімде Министрліктің басшылығына ұсынуға;
5) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрліктің
құзыретіне кіретін құқықтық мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;
6) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестердің, отырыстардың, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысуға;
7) Департаментте мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;
8) Департаменттің өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;
10) Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
________________________________________