Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат ереже

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің

2021 жылғы «__» __________

№ ___ бұйрығына

№ 4 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, оның ішінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бекітеді.

Құрылымдық бөлімшенің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы бекітеді.

  1. Департамент:

1) БАҚ саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасынан (бұдан әрі – БАҚСМСҚБ);

2) Медиа-талдау басқармасынан (бұдан әрі – МТБ);

3) Қоғамдық медиа үдерістерді талдау және қолдау басқармасынан (бұдан әрі – ҚМҮТҚБ) тұрады.

 

 

2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттемелері

  1. БАҚСМСҚБ:

5.1. Міндеттері:

  • ақпарат, балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
  • телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
  • балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан, бұқаралық ақпарат құралдарынан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.

5.2. Функциялары:

стратегиялық:

  • ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
  • балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Департамент реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

реттеуші:

  • балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  • Департамент реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
  • жас ерекшелігіне қарай жіктеудің ақпараттық өнімін беру қағидалары мен әдістемесін әзірлеу;
  • жас санатының белгісіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • Департамент құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді және өзге де құжаттарды қарауға және әзірлеуге қатысу;
  • журналистерді аккредиттеу ережесін әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін әзірлеу;
  • бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу;
  • денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша, саламатты өмір салтын дәріптеу жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын әзірлеу;

іске асыратын:

  • Министрлік жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;
  • жетекшілік ететін салаларда министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
  • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
  • мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық кеңестің қарауына енгізу;
  • Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
  • Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісін талдауға қатысу және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;
  • Департамент құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында қабылданған актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
  • ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдау негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласын құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету;
  • ашық деректердің интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпараттар орналастыру;
  • ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
  • Департамент жетекшілік ететін салалар бойынша мамандарға қажеттілік бойынша Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлейді.
  1. МТБ:

6.1. Міндеттер: 

  • телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
  • Департаменттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  • Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.

6.2. Функциялары:

стратегиялық:

  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Департамент реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

реттеуші:

  • міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын әзірлеу;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
  • Департамент құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді және өзге де құжаттарды қарауға және әзірлеуге қатысу;

іске асырылатын:

  • дағдарыстық жағдайларда және ақпараттық қауіп туындаған кезде ақпараттық әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар мен технологиялық шешімдерді әзірлеуге жәрдемдесу;
  • Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  • Министрлік жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
  • жетекшілік ететін салаларда Министрлікті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
  • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
  • Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісін талдауға қатысу және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және бұқаралық ақпарат құралдарының саласына әсер ететін экономикалық факторларды талдау;
  • отандық және шетелдік медиа-салаларды талдау негізінде мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • отандық бұқаралық ақпарат құралдарын экономикалық және өзге де қолдау тетіктерін әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында маркетингтік және өзге де зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары мен Министрлік арасындағы өзара іс-қимылды әдістемелік қамтамасыз ету;
  • ашық деректер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • ашық бюджеттер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
  1. ҚМҮТҚБ:

7.1. Міндеттер:

  • телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
  • Департаменттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3)      Департаментке жүктелген өзге де міндеттер.

7.2. Функциялары:

стратегиялық:

  • ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Департамент реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
  • Департамент құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының  іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
  • Департамент құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

реттеуші:

  • Департамент құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерді және өзге де құжаттарды қарауға және әзірлеуге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары саласында әлеуметтік және өзге де зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

іске асырылатын:

  • Департаменттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
  • Департамент жұмысының бағыттары, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау, халықаралық өзара іс-қимыл бойынша жиынтық-талдау қызметін ұйымдастыру;
  • жетекшілік ететін салаларда Департаментті одан әрі дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелерде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу;
  • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;
  • қоғамдық медиа үдерістерді талдауға және Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы іске асыруға және ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындауға қатысу;
  • халықаралық рейтингтерде Қазақстанның ұстанымын арттыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық рейтингтерді талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бойынша салалық қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
  • Департамент жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Персоналды басқару департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
  • ашық деректер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • ашық бюджеттер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру;
  • ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпараттарды орналастыру.
  • Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
  1. Департамент өз құзыреті шегінде өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін құқылы:

1) Департаменттің міндеттерін орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан қажетті қосымша ақпараттарды сұратуға және алуға;

2) Департаменттің өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және Министрлікте құқықтық жаппай оқыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін тартуға;

4) құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерін сот талқылауларына қатысуға тарту;

5) заңнаманы бұзуға жол берген адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерге бастама жасауға;

6) нормативтік құқықтық актілер қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, оларға қол қоюдан бас тартуға;

7) шығарылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша қолданыстағы заңнамаға негізделген ескертпелер мен ұсыныстар беруге;

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерістер, толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау;

9) басшылықтың келісімімен Министрліктің, оның ведомстволарының жұмыскерлерін құқықтық оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, семинарлар, кеңестер өткізуге;

10) Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

  1. Департамент өз құзыреті шегінде өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін міндетті:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын

сақтауға;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының

өтініштеріне байланысты немесе өзара жұмыс тәртібінің қарым-қатынасы кезінде нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, кеңес беру бойынша ұсынымдар беруге;

3) Атқаратын функционалдық міндеттерін орындау кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

4) Министрлік басшылығының тапсырмасымен Министрлікте және оның

ведомстволарында құқықтық жұмыстардың жай-күйін және заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруға және тексерудің қорытынды анықтамасын белгіленген мерзімде Министрліктің басшылығына ұсынуға;

5) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрліктің

құзыретіне кіретін құқықтық мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;

         6) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестердің, отырыстардың, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысуға;

         7) Департаментте мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;

8) Департаменттің өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;

10) Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

        

 

3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Департамент директорының орынбасары (орынбасарлары) болады.
  4. Департамент директоры құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Департамент директоры аппарат басшысына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсатта Директор:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

(орынбасарлары) болған жағдайда, олардың;

2) Департаменттің құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;

3) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Департамент директорының орынбасары (орынбасарлары):

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда директорының орынбасары.
  2. Департамент директоры өз құзыреті шегінде Министрге, аппарат басшысына, жетекшілік ететін Вице-министрге бағынады.
  3. Департамент директоры, директорының орынбасары, басқарма басшылары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.
  4. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

________

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат ереже
Дата публикации
20 декабря 2021