Ашық үкімет порталдары бойынша статистика
(2021 жылғы 15 желтоқсанға)
Бүгінгі күні «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 829 құрайды. Сондай-ақ портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. «Ашық деректер» порталы Мекенжай тіркелімі және бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған.
«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі. Портал жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 87 228 НҚА жобасы жарияланды.
«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі күні порталда бюджеттік бағдарламалардың 108 424 жобасы жарияланды, 54 391 жоба қоғамдық кеңеске берілді, сондай-ақ мемлекеттік, Республикалық, шоғырландырылған және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді қамтитын 35 906 есеп берілді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.
Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 1 884 және 990 сауалнаманы құрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен Үкіметі бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктемелер қалдыра және қызықтырған сұрақтар қоя алады. Блог-платформаға 2012 жылдан бастап 439 829 өтініш келіп түсті. 420 744 өтінішке жауаптар жолданды.