Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (27.05.2021)

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                                    №                                  2021 жылғы 27 мамыр

 

 

Төрағалық еткен:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

Б.А. Тлепов

 

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

  1. Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасы туралы

(Тлепов, Рақымов, Диденко, Нұрғазиева)

 

  1. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Б.Р. Рақымовтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Комиссия мүшелері О.А. Диденконың, Б.Ғ. Нұрғазиеваның есеп бойынша пікірлері назарға алынсын.
  3. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі төмендегі ұсыныстарды ескерсін:

– комиссия мүшесі О.А. Диденконың Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) есепте көрсетілген ұсынымдарды іске асыру барысын мониторингтеу өкілеттіктерін беруге қатысты;

– комиссия мүшесі Б.Ғ. Нұрғазиеваның комиссия отырыстарында ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мемлекеттік органдардың есептерін тыңдау бойынша.

  1. Тұтастай алғанда, Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есептің жобасы мақұлдансын және Мемлекет басшысына ұсыну үшін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.
  2. Жергілікті атқарушы органдар (Ақтөбе, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары) 2021 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде әкімдік басқармалары мен аудандық әкімдіктерді қоса алғанда, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаларды айқындасын.

 

 

Комиссия төрайымының орынбасары,

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық даму

вице-министрі

 

 

 

Б. Тлепов

 

Комиссия хатшысы,

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры

 

 

 

 

 

Б. Рақымов

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (27.05.2021)
Дата публикации
26 ноября 2021