«Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
БҰЙЫРАМЫЗ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, осы бірлескен бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-бөлігіне және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес әзірленді.»;
10, 11, 12 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі, болмашы тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
1) өрескел;
2) елеулі;
3) елеусіз бұзушылық дәрежелері бар, тексеру парақтарында санамаланған Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама және балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы заңнамалардың талаптары (бұдан әрі - Талаптар) негізінде әзірленді.
Бұзушылықтар дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.»;
1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын, осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес;
2, 3, 4 және 5 қосымшалар алып тасталсын
Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мерзімді баспа басылымдарына қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23 -жолдармен толықтырылсын:
«
|
16. |
Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
17. |
Бейәдеп және жасырын жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
18. |
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
19. |
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтылмай, әлеуметтік жарнамаларды тарату бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
20. |
Басылымның тақырыптық бағыты көрсетіліп жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын тарату талаптарын сақтау |
|
|
|
|
|
21. |
Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
22. |
Қазақстан Республикасының аумағында газеттердің бірінші және соңғы беттерінде мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар және діни басылымдарды қоспағанда); журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың; жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының (кеңістігінің) көлеміне тең болатын, салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы тауар белгісінің және (немесе) шарап атауының жарнамасын таратпау жөніндегі талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
23. |
Шарапты жарнамалайтын; еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты; кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген (жазылған), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалған; кәмелетке толмағандарға бағытталған; шараптың емдік қасиеттері бар деп сендіретін, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелейтін; шарапты тұтынудан тартынуды айыптайтын; шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендіретін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының мерзімді баспасөз басылымдарында жарнамасын таратуға тыйым салу жөніндегі талаптың сақталуы |
|
|
|
|
»;
Көрсетілген бірлескен бұйрыққы 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын ақпараттық агенттіктерге және желілік басылымдарға, интернет-ресурстарға қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15, 16, 17, 18, және 19 -жолдармен толықтырылсын:
«
|
15. |
Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
16. |
Бейәдеп және жасырын жарнаманы таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
17. |
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалануға жол бермеу бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
18. |
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтылмай, әлеуметтік жарнамаларды тарату бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
|
19. |
Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға таратпау бойынша талаптың сақталуы |
|
|
|
|
».
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы Аты-жөні |
Лауазымы Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетi
Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдары туралы
заңнамасының сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңнамасының сақталуына тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттары
|
№ п/п |
Өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) |
||
|
1. |
Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуы |
елеулі |
|
2. |
Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілмеген тілде таратылуы |
елеулі |
|
3. |
Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату |
елеулі |
|
4. |
Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға тарату |
өрескел |
|
5. |
Алкоголь өнімін жарнамалау |
өрескел |
|
6. |
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалау |
өрескел |
|
7. |
Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалау |
өрескел |
|
8. |
Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыру |
өрескел |
|
9. |
Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау |
өрескел |
|
10. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату |
өрескел |
|
11. |
Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату |
өрескел |
|
12. |
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасы |
өрескел |
|
13. |
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану) |
өрескел |
|
14. |
Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату |
елеулі |
|
15. |
Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату |
елеулі |
|
16. |
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану |
елеулі |
|
17. |
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату |
елеулі |
|
18. |
Басылымның тақырыптық бағыты көрсетіліп жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын тарату |
елеусіз |
|
19. |
Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға |
елеулі |
|
20. |
Қазақстан Республикасының аумағында газеттердің бірінші және соңғы беттерінде мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар және діни басылымдарды қоспағанда); журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың; жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының (кеңістігінің) көлеміне тең болатын, салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы тауар белгісінің және (немесе) шарап атауының жарнамасын таратпау жөніндегі талаптың сақталуы |
елеулі |
|
21. |
Шарапты жарнамалайтын; еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты; кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген (жазылған), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалған; кәмелетке толмағандарға бағытталған; шараптың емдік қасиеттері бар деп сендіретін, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелейтін; шарапты тұтынудан тартынуды айыптайтын; шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендіретін мерзімді баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасын тарату |
өрескел |
|
Бақылау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны |
||
|
1. |
Бақылау субъектісіне (объектісіне) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін бір расталған өтініш пен шағымның болуы |
елеусіз |
|
2. |
Бақыланатын субъектіге (объектіге) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, келіп түсетін екі расталған өтініш пен шағымның болуы |
елеулі |
|
3. |
Бақыланатын субъектіге мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін үш немесе одан да көп расталған өтініштер мен шағымдардың болуы |
өрескел |
|
Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері |
||
|
1. |
Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері |
елеулі |
|
Алдыңғы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері |
||
|
1. |
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымдарды, ескертулерді, анықтамаларды, ұйғарымдарды, уәкілетті органдардың қорытындыларын орындау жөнінде ақпараттарды ұсынбау |
өрескел |
|
Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері |
||
|
1. |
Қазақстан Республикасы аумағында желілік басылымдар меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының болуы |
өрескел |
|
2. |
Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларда, шетелдік жеке және заңды тұлғаларда болуы |
өрескел |