Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы (2021 жылғы 28 қаңтардағы)

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                                      №                               2021 жылғы 28 қаңтар

 

 

Төрағалық еткен:

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі

А.Ғ. Балаева

 

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

  1. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманың новеллалары туралы

(Балаева, Тлепов)

 

  1. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.А. Тлеповтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде:

         - ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) жұмысын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлесін және жіберсін;

         - ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаларды (бөлімшелерді) оқытудың жоспар-кестесін әзірлесін және бекітсін.

  1. Мемлекеттік органдар ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаларды (бөлімшені) айқындасын және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде ақпарат берсін.
  2. Мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашық деректерді «Ашық деректер» порталында орналастыруын және «Ашық диалог» порталында ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының блогтарын құруды қамтамасыз етсін және 2021 жылғы 1 наурызға дейін атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберсін.
  3. Комиссия мүшелері 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде Мемлекет басшысының атына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есептің құрылымына ұсыныстар берсін.
  4. Комиссия хатшысы Министрліктің стратегиялық сессияларының отырыстарына, сондай-ақ оқу семинарларына қатысу үшін Комиссия мүшелерін шақыруды қамтамасыз етсін.

 

  1. Жергілікті өкілді органдар қызметінің ашықтығы туралы (сессиялардың онлайн-көрсетілімі, сайттағы ақпараттың толықтығы мен өзектілігі)

 (Балаева, Рақымов, Байтукенова)

 

  1. Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры А.А. Байтукенованың және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Б.Р. Рақымовтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті өкілді органдары:

- сессиялардың және басқа отырыстардың онлайн-трансляциялау үшін барлық деңгейдегі мәслихаттардың қажетті техникалық жабдықтарымен;

- мәслихаттар сессияларының онлайн көрсетілімін өткізуді;

- санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың ашық отырыстарға қол жеткізуін;

- Қазақстан Республикасы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңының 16-бабында көзделген ақпаратты орналастыруды;

- облыстық және аудандық мәслихаттарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті адамды (бөлімшені) айқындауды қамтамасыз етсін.

          Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде енгізілсін.

  1. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық деңгейдегі мәслихаттармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Аitube отандық платформасы арқылы онлайн-трансляциялар сервисін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қарасын. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2021 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде енгізілсін.
  2. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихаттарына ресми сайтты толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлесін және жіберсін.

 

 

Комиссия төрайымы,

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

 

 

А. Балаева

 

Комиссия хатшысы,

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры

 

 

 

 

 

Б. Рақымов

 

Протокол заседания Комиссии по вопросам доступа к информации
Дата публикации
19 августа 2021