Бүгінгі танда «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 830 құрайды. Сондай-ақ портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. «Ашық деректер» порталы Мекенжай тіркелімі және бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған.
«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі. Портал жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 77 935 НҚА жобасы жарияланды.
«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі күні порталда бюджеттік бағдарламалардың 104 875 жобасы жарияланды, 56 284 жоба қоғамдық кеңеске берілді, сондай-ақ 30 786 материал жарияланды.
Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай интернет-конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 1 612 құрады. Сонымен қатар, порталда 840 сауалнама жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен Үкіметі бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктемелер қалдыра және қызықтырған сұрақтар қоя алады. Блог-платформаға 2012 жылдан бастап 413 579 өтініш келіп түсті. 393 119 өтінішке жауаптар жолданды.
Бүгінгі күні «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» порталында стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы 7 Есеп және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы 49 есеп орналастырылған (2021 жылы орналастырылған). Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылау жүргізіледі.