«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
|
Ахметов Ерәділ Қалидулұлы
|
– |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша); |
|
Тыныш Мейрамбек Демеуұлы |
– |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің азаматтармен өзара іс-қимыл блогы бойынша бағалау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы (келісу бойынша); |
жоғарыда аталған құрамнан Мақпал Ғазизқызы Қалығұлова шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі А. Балаева