2021 жылғы 7 маусымдағы № 200
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 20 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22120 болып тіркелген, 2021 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 4 қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрдің міндетін атқарушысы |
|
С. Егізбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрдің міндетін атқарушысы 2021 жылғы 7 маусымдағы № 200 |
|
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 20 бұйрығына 4-қосымша |
Қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің
заттай нормалары*
|
Р/с |
Мемлекеттік мекеменің атауы |
Лауазымның атауы |
Автомобильдер саны |
Қозғалтқыш көлемі, текше сантиметр (автобустардан басқа) |
1 автомобильдің бір айдағы жүруі (километр) |
|
|
қызметтік (1 бірлікке) |
кезекші (оның ішінде автобустар) |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі |
|
|
1 |
3000 – ден көп емес
|
2100 – ден көп емес |
|
2. |
Алматы қаласында Достық үйі |
|
|
1 |
3000 – ден көп емес
|
2000 – ден көп емес |
Ескертпе:
* Осы заттай нормалардағы қызметтік автомобильдерге арналған жүру лимиті мемлекеттік мекеме басшысын, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын жақын елдi мекендерге қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген жағдайлардағы жүруді қамтымайды.