"Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау қорытындыларына қарсылықтарды карау жөніндегі арнайы комиссия туралы" Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрық

2021 жылғы 19 сәуірдегі № 132

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы»

бағыты бойынша

мемлекеттік органдар қызметінің

тиімділігін операциялық бағалау

қорытындыларына қарсылықтарды

карау жөніндегі арнайы комиссия

туралы

 

 

         «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік органдардың қарсылықтарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы арнайы комиссия осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамында құрылсын.
  2. «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша қызметтің тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша Мемлекеттік органдардың қарсылықтарын қарау жөніндегі арнайы комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жауапты хатшының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 123 бұйрығының күші жойылсын.
  3. Аталған бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аппарат басшысы                                                                С. Егізбаев

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық

даму министрлігі

аппарат басшысының

2021 жылғы «   » сәуірдегі

№ ___ бұйрығына

қосымша

 

 

«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау қорытындыларына қарсылықтарды қарау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы

 

 

Рақымов

Бекзат Рақымұлы

 

 

 

Қабарова

Құралай  Маратқызы

 

 

-

 

 

 

 

  -

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры, төраға

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын талдау және бағалау басқармасының басшысы, хатшы

 

Исабеков

Ильяс Сержанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Архитектураны және цифрландыруды енгізу басқармасының басшысы

 

Абдығалиева

Гүлнұр Дулатқызы

 

-

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы Сәулет әзірлеу департаментінің бас менеджері (келісім бойынша)

 

 

 

Тыныш

Мейрамбек Демеуұлы

-

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің азаматтармен өзара іс - қимыл блогы бойынша бағалау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы (келісім бойынша)   

 

 

 

 

 



"Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау қорытындыларына қарсылықтарды карау жөніндегі арнайы комиссия туралы" Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрық
Дата публикации
22 апреля 2021