Ашық үкімет порталдары бойынша статистика

Ашық үкімет порталдары бойынша статистика

(2021 жылғы 1 ақпанға)

 

Бүгінгі күні «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 853 құрайды. Сондай-ақ портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. «Ашық деректер» порталы Мекенжай тіркелімі және бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған.

«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі. Портал жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 79 447 НҚА жобасы жарияланды.

«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі күні порталда бюджеттік бағдарламалардың 82 180 жобасы жарияланды, 43 323 жоба қоғамдық кеңеске берілді, сондай-ақ мемлекеттік, Республикалық, шоғырландырылған және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді қамтитын 22 162 есеп берілді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.

Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 1 380 және 645 сауалнаманы құрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен Үкіметі бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктемелер қалдыра және қызықтырған сұрақтар қоя алады. Блог-платформаға 2012 жылдан бастап 385 984 өтініш келіп түсті. 366 046 өтінішке жауаптар жолданды.

Бүгінгі күні "мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау" порталында стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы қазақ және орыс тілдерінде 20 есеп және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы қазақ тілінде 207 есеп және орыс тілінде 227 есеп орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылау жүргізіледі.

Ашық үкімет порталдары бойынша статистика
Дата публикации
01 февраля 2021