"2021 жылға арналған «Ашық диалог» интернет-порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардың интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кестесін бекіту туралы" Министрліктің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №26 бұйрық

26.01.2021 ж. № 26

 

2021 жылға арналған «Ашық диалог» интернет-порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардың интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кестесін

бекіту туралы

 

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген 2021 жылға арналған «Ашық диалог» интернет-порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардың интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кестесі (бұдан әрі – Кесте) бекітілсін.
  2. Жауапты құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар Кестемен белгіленген мерзімдер шегінде интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізуді камтамасыз етілсін.
  3. Кестеге сәйкес осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың басшыларына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс.

 

 

Аппарат басшысының

міндетін атқарушы                                                        Ж. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Аппарат басшысы м.а.

2021 жылғы 26 қаңтардағы

№ 26 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

2021 жылға арналған «Ашық диалог» интернет-порталында

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық

бөлімшелері мен ведомстволардың интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кестесі

 

 

№

Интернет-конференция/сауалнаманың атауы

Жауапты құрылымдық бөлімше / ведомство

Өткізу мерзімі

Интернет-конференциялар

1.

Квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметінің ашықтығы туралы

МҚКДД

2 наурыз

2.

Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндамасын дайындау туралы

ЭҚДК

9 сәуір

3.

Дінтану сараптамасын жүргізу туралы

ДІК

16 сәуір

4.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы

РЖБҮД

15 маусым

5.

«JASTAR: ózekti másele» жастарды дамытудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық ұсыныстар жинау  туралы

ЖОІК

маусым

6.

«Ашық үкімет» порталдарының функционалын жақсарту жөнінде ұсыныстар жинау туралы

АҚЖМСД

3 шілде

7.

Өңірлердегі этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері туралы

ЭҚДК

17 тамыз

8.

Орталық мемлекеттік органдар мен ЖАО баспасөз қызметтерінің жұмысы туралы

АК

тамыз

9.

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау туралы

ДІК

15 қазан

10.

Жаһандық әлемдегі мәдени, көркем, әдеби, орындаушылық өнердің үздік үлгілерін танымал етудің негізгі үрдістері мен әлемдік практикалары туралы

РЖБҮД

25 қазан

11.

Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын іске асыру туралы

БАҚМСД

26 қараша

12.

Отбасы саясаты саласында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы

ЖОІК

желтоқсан

Сауалнамалар

 

Қазақстанда қоғамдық теледидар құру туралы

БАҚМСД

ақпан

1.

Ашық деректер қажеттіліктері туралы (ақпарат пайдаланушылар санаттары бойынша)

МҚКДД

наурыз

3.

Этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық жұмыстың басымдықтары туралы

ЭҚДК

наурыз-сәуір

4.

Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу туралы

АҚІК

мамыр-маусым

5.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы халықтың хабардар болуы туралы

РЖБҮД

маусым-шілде

6.

Үкіметтің мемлекеттік бағдарламалары мен бастамалары туралы халықтың хабардар болуы туралы

АК

шілде

7.

Еліміздің жоғары оқу орындарында медиа саласы мамандарын оқыту тиімділігі туралы

БАҚМСД

шілде-тамыз

8.

Қазақстан Республикасында діни және дінтану білім алуы туралы халықтың хабардар болуы туралы

ДІК

шілде-тамыз

9.

Қазақстандағы диаспоралық саясаттың тиімділігі туралы

ЭҚДК

тамыз-қыркүйек

10.

Халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстары туралы

РЖБҮД

тамыз-қыркүйек

11.

Жастарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру туралы

ЖОІК

қыркүйек

12.

Халықтың пайдаланатын теледидар түрлері туралы

АК

қараша

13.

Басылым БАҚ қажеттілігі туралы

АК

қараша

14.

Интернет-ресурстар мен телеарналардағы  ақпаратқа халықтың сенімділік деңгейі туралы

АК

қараша

15.

Отбасы институтын нығайтуға бағытталған шаралар туралы

ЖОІК

желтоқсан

 

Қысқартылған сөздердің анықтамасы:

МҚКДД – Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті;

АҚІК – Азаматтық қоғам істері комитеті;

БАҚМСД – БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті;

ДІК – Дін істері комитеті;

ЖОІК – Жастар және отбасы істері комитеті;

ЭҚДК – Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті;

АК – Ақпарат комитеті;

РЖБҮД – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті.

 

 

_____________________________

"2021 жылға арналған «Ашық диалог» интернет-порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволардың интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кестесін бекіту туралы" Министрліктің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №26 бұйрық
Дата публикации
26 января 2021