«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы

Ашық деректердің интернет-порталында

ақпаратты орналастыру қағидаларын

бекіту туралы

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы            16 қарашадағы Заңының 6-2 бабы 1-тармағының 6) тармақшасына              сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген                іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жоғарғы сот

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық банкі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Республикалық бюджеттің атқарылуын

бақылау жөніндегі есеп комитеті

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

 

бұйрығымен бекітілген

 

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу, сондай-ақ ашық деректерді ұсыну форматын қоса алғанда, ашық деректердің интернет-порталында қалыптастыру және орналастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректер жиынтықтарын орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;

2) ашық деректер – машинамен оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгеріссіз түрде қайта жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар;

3) ашық деректер жинағы – ашық деректер нысанында ұсынылған, атрибуттар жиынтығымен сипатталатын жекелеген элементтерден тұратын және ақпараттық жүйелерге адамның қатысуынсыз осындай элементтерді сәйкестендіруге, түсіндіруге және өңдеуге мүмкіндік беретін бір типті деректердің жүйеленген жиынтығы;

4) ашық деректердің интернет-порталы                                                   (бұдан әрі – Портал) – «электрондық үкімет» веб-порталының ашық деректер бойынша сипаттамалық және сілтемелік ақпаратты орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз ететін құрауышы;

5) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган                                 (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) ақпаратты пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

7) әкімші – мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, Порталда жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының өкілі;

8) модерация – пайдаланушылардың ашық деректерді орналастыруға және өзекті етуге сұрау салуларын «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторының өңдеуі;

9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – функцияларды                        орындаушылар) – «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

10) Портал пайдаланушысы – Порталда тіркелу рәсімінен өткен жеке немесе заңды тұлға;

11) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

12) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын ақпараттық жүйе;

13) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы                                      (бұдан әрі – сервистік интегратор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, «электрондық үкіметтің» архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда көзделген өзге де функциялар жүктелген заңды тұлға;

14) application programming interface (бұдан әрі – API) – қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымша (кітапхана, сервис) ұсынатын дайын бағдарламалар жиынтығы;

15) java script object notation (бұдан әрі – JSON) – адамның да, аппараттық-бағдарламалық кешендердің де оқуы мен жазуына ыңғайлы деректермен алмасудың машинамен оқылатын форматы;

16) extensible markup language (бұдан әрі – XML) – адамның да, аппараттық-бағдарламалық кешендердің де оқуы мен жазуына ыңғайлы деректермен алмасудың машинамен оқылатын форматы.

 

 

2-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды

ашық деректер ретінде жіктеу тәртібі

 

  1. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын ашық деректер ретінде жіктеу өлшемдері:

1) жалпы қол жетімділік;

2) сұраныс.

  1. Ашық деректер ретінде сыныптауға арналған электрондық ақпараттық ресурстардың жалпы қол жетімділігін анықтау Заңға және 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпия туралы», 2010 жылғы 19 мамырдағы «Мемлекеттік статистика туралы», 2013 жылғы 21 мамырдағы «дербес деректер және оларды қорғау туралы», 2015 жылғы 24 қарашадағы           «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ашық деректер ретінде жіктеуге арналған электрондық ақпараттық ресурстарға сұранысты анықтау ақпарат пайдаланушыларының сауалнамалары, сондай-ақ жиі сұралатын ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар әр түрлі пайдаланушылардан үш күнтізбелік ай ішінде екі немесе одан да көп рет сұратылатын электрондық ақпараттық ресурстар оларды ашық деректер ретінде жіктеу мақсатында сұранысқа ие электрондық ақпараттық ресурстар деп танылады.

 

 

3-тарау. Ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді қалыптастыру және орналастыру тәртібі

 

  1. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар мен қоғамның ашық деректерге қажеттілігінің негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) қалыптастырады.

Бірыңғай тізбе «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

Бірыңғай тізбеге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдар уәкілетті органға Бірыңғай тізбеден ашық деректер жиынтықтарын енгізу және (немесе) алып тастау жөніндегі негіздемелері бар ұсыныстар жібереді.

  1. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларын орындаушылар электрондық ақпараттық ресурстар және қоғамның ашық деректерге деген қажеттіліктері негізінде ашық деректер жиынтықтарының тізбесін дербес қалыптастырады және бекітеді.
  2. Мемлекеттік органдар бекітілген Бірыңғай тізбеге сәйкес ашық деректер жиынтықтарын мемлекеттік және орыс тілдерінде Порталда орналастырады және өзектендіреді.

Мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар өздері бекіткен тізбелерге сәйкес ашық деректер жиынтықтарын мемлекеттік және орыс тілдерінде Порталда орналастырады және өзектендіреді.

  1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар порталда өз бастамасы бойынша ашық деректер жиынтықтарын орналастырады.
  2. Сервистік интегратор мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, функцияларды орындаушыларға қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелері бойынша ашық деректердің жаңа жиынтықтарын Порталда орналастыру бойынша ұсыныстар жібереді.

Қоғамдық пікірге сауалнама ашық диалогтың интернет-порталында сервистік интегратор, сондай-ақ Портал пайдаланушыларының өтінімдерін қабылдау және өңдеу жолымен жүргізіледі.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар да өз бастамасы бойынша халық пен бизнестің ашық деректерге деген қажеттіліктеріне сауалнама жүргізеді.

  1. Сервистік интегратор ай сайынғы негізде Портал пайдаланушыларынан түскен ашық деректерді орналастыруға және өзектендіруге сұраныстарды модерациялауды жүргізеді. Модерациядан өткен сұрау салуларды сервистік интегратор мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің әкімшісіне, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, функцияларды орындаушыға АЖО арқылы жібереді.

Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкіндігі болған жағдайда, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы сервистік интегратордың сұратуын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ашық деректер жиынтығын осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын сақтай отырып, интернет-порталда орналастырады, сондай-ақ сервистік интеграторды және уәкілетті органды ашық деректердің жаңа жиынтықтарын орналастыру фактісі туралы орналастыру күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, функцияларды орындаушы Заңның 11-бабының 16-тармағында көзделген негіздер бойынша сервистік интеграторға және уәкілетті органға дәлелді жауап жібереді.

Сервистік интегратор мүдделі мемлекеттік органнан, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеден, квазимемлекеттік сектор субъектісінен, функцияларды орындаушыдан ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде портал арқылы ашық деректерді орналастыруға немесе өзектендіруге сұрау салған Портал пайдаланушысына оның сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жібереді.

  1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар Порталда ашық деректерді орналастыруды (ақпараттық жүйелер арқылы ақпаратты Порталға беруді) және АЖО-мен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерді дербес айқындайды.
  2. Оператор мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, функцияларды орындаушылардың уәкілетті қызметкерлерін Порталда қажетті ақпаратты орналастыру үшін АЖО пайдалану жөніндегі оқытуды жүргізеді.

 

 

4-тарау. Ашық деректер интернет-порталында

орналастырылатын ашық деректерді ұсыну форматы

 

  1. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың Порталда ашық деректер жиынтықтарының орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматына сәйкес JSON немесе XML форматтарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар JSON немесе XML форматына ашық деректер жиынтығын аудару АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып мүмкін болады.

Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ашық деректер жиынтығын JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректер жиынтығын дайындайды.

  1. Ашық деректер жиынтығына ашық деректер жиынтығының сипаттамасы, өрістердің және машинамен оқылатын түрдегі ашық деректер жиынтығының сипаттамасы кіреді.
  2. Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының АРІ қолданыла отырып, ашық деректерді ұсыну егер берілетін ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жүргізіледі.

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі

 

№ р/с

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API арқылы)

Ашық деректер жинауға жауапты мемлекеттік органның атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына

2-қосымша

 

 

Ашық деректер жинақтарын беру форматы

 

  1. Ашық деректер жиынтығын жариялау форматы

«meta»: {

«apiUri»: «»,

«nameKk»: «»,

«nameRu»: «»,

«nameEn»: «»,

«descriptionKk»: «»,

«descriptionRu»: «»,

«descriptionEn»: «»,

«keywords»: [],

«responsible»: {

«fullnameKk»: «»,

«fullnameEn»: «»,

«fullnameRu»: «»,

«phone»: «»,

«email»: «»,

«owner»: {

«fullnameKk»: «»,

«fullnameEn»: «»,

«fullnameRu»: «»,

«phone»: «»,

«email»: «»

«fields»: {

«<fieldName>»: {«type»: «Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «datapath»: «<apiUri>.<id>», «pkey»: true},

«<fieldName>»: {«type»: «Object», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «»,

«fields»: {}

«<fieldName>»: {«type»: «List», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double | Boolean | Date | Geoposition | Object | List»

«fields»: {}

«data»: [{}..{}]

 

 

  1. Формат бойынша ашық деректер жиынтығы туралы жолдардың сипаттамасы

 

№

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тілінде жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1

apiUri

Ашық деректер жиынтығыныңсәйкестендіргіші

Жол (100)

Ашық деректер жиынтығының бірегей сәйкестендіргіші

2

NameKk /NameRu

Ашық деректер жиынтығының атауы

Жол (255)

Ашық деректер жиынтығының толық атауы

3

DescriptionKk/
descriptionRu

Ашық деректер жиынтығының сипаттамасы

Мәтін

Ашық деректер жиынтығының толық сипаттамасы

4

Keywords

Ашық деректер жиынтығының түйінді сөздері

Массив/

Тізім

Түйінді сөздер

5

Responsible.fullnameKk/Responsible.fullnameRu

Ашық деректер жиынтығына жауапты тұлға

Жол (100)

Ашық деректер жиынтығына жауапты тұлғаның ТАӘ

6

Responsible.phone

Телефон нөмірі

Жол (50)

Жауапты тұлғаның телефон нөмірі

7

Responsible.email

Электрондық пошта адресі

Жол (50)

Жауапты тұлғаның электрондық пошта адресі

 

  1. Ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасы

 

№

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

Ашық деректер жиынтығына мысал

1

Жолдың атауы*

 Бүтін сандар

Int

Атрибут сандық мағынаны қамтиды

id: { type: «Int», labelKk: «ИД», labelRu: «ИД», labelEn: «ID», pkey: true},

2

 Бүтін емес сандар

Double

Атрибут сандық емес мағынаны қамтиды

 

3

Жол

String

Атрибут мағынасы тек символдарды қамтиды:
Қазақ және орыс әліппесінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я].
«Нөмір» белгісі
«Сызықша» белгісі
«Дөгелек» жақшалар
 Сөз бөлгіш – «аралық»дара нышан «Үтір» белгісі «Нүкте» белгісі

title: { type: «String», labelKk: «Атауы», labelRu: «Атауы», labelEn: «Title»}

4

Логикалық мағына

Boolean

true/false

published: {type: «Boolean», labelKk: «Жарияланған», labelRu: «Жарияланған», labelEn: «Published»},

5

Мерзімі

Date

Атрибут мерзімді қамтиды. Мәнімынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм

date: {type: «Date», labelKk: «Мерзім», labelRu: «Мерзім», labelEn: «Date»},

 6

Геопозиция

Geoposition

Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуытуралы ақпаратты қамтиды– Координатар Х: координаттар У

 

 7

 Парақ

List

Атрибут Listдеректердің кеңейтілетін массивін қамтиды

 

8

 

Объект

Object

Атрибут басқа немесе салыным объектілерінің сипаттамасы үшін пайдаланылады

 

 

  1. Ашық деректер жиынтығы жолдары атрибуттарының сипаттамасы

 

№

Атрибуттың атауы

Атрибуттың сипаттамасы

Болжалды мәтіні

1

type

Атрибут жол типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

2

labelKk

Қазақ тіліндегі атрибуттың атауы

 

3

labelRu

Орыс тіліндегі атрибуттың атауы

 

4

elementType

Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

5

pkey

Атрибут жолбірегей сәйкестендіргіші болып табылатын мәнін көрсетеді

true, false

6

fields

Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды

 

7

datapath

Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да жиынтығының сілтемесіне арналған

«<жинақ сәйкестендіргіші>.< объект сәйкестендіргіші>»

 

 

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына

3-қосымша

 

JSON форматында ашық деректер жиынтықтарын аудару құралын
пайдалануға сипаттама

 

  1. Ашық деректер жиынтығының сипаттамасы

 

Жолдың атауы

Мағынасы

Үлгі

*Деректер жиынтығының идентификаторы

 

№

* Қазақ тіліндегі деректер жиынтығының атауы

 

Нұр-Сұлтан қаласының дәріханалары

*Орыс тіліндегі деректер жиынтығының атауы

 

Аптеки города Нур-Султан

*Қазақ тіліндегі деректер жиынтығының сипаттамасы

 

Бұл жинақта дәріханалардың атауы, жұмыс істеу уақыты, мекенжайы, байланыс телефондары, геонүктесі, лицензия аяқталу мерзімі туралы деректер бар

*Орыс тіліндегі деректер жиынтығының сипаттамасы

 

В данном наборе содержится информация о наименованиях аптек, график работы, адрес, контактные телефоны, геокоординаты и срок истечения лицензии

*Қазақ және орыс тілдерінде түйінді сөздер

 

Дәріхана, дәрі-дәрмек, аптека, лекарства

*Мемлекеттік тіліндегі жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Ақышев Жеңіс Бекенұлы

*Орыс тіліндегі жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Акишев Женис Бекенович

*Жауапты тұлғаның телефон нөмірі

 

8(7172)740479

*Жауапты тұлғаның электрондық поштасы

 

zh.akishev@qogam.gov.kz

Өзгерістердің сипаттамасы

 

Деректерді жаңартуға байланысты

Ескертпе: *толтыруға арналған міндетті жолдар

 

  1. Ашық деректер жиынтығы жолдарының сипаттамасы

 

Жол

*Қазақ тіліндегі жолдың атауы

*Орыс тіліндегі жолдың атауы

*Жолдың типі

*Мерзімнің форматы (жолдың типі күні болса)

Деректер жиынтығының ішіндегі нақты объектіге сілтеме

Жол бірегей сәйкесетндіргіш болып табылатын мәнді көрсету

Массив ішіндегі объекті типін көрсету

Үлгі

id

идентификатор

идентификатор

String

 

 

true

 

name

Атауы

Название

String

 

 

false

 

region

Аймақ

Регион

String

 

 

false

 

geoposition

Геонүкте

Геопозиция

Geoposition

 

 

false

 

address

Мекен жайы

Адрес

Address

 

 

false

 

schedule

Жұмыс істеу уақыты

График работы

Text

 

 

false

 

expireDate

Лицензия аяқталу мерзімі

Срок истечения лицензии

Date

DD.MM.YYYY

 

false

 

Ескертпе: 1. *толтыруға арналған міндетті жолдар

  1. Ашық деректер жиынтығы жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Өлшемшарттардың 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  1. Ашық деректер жиынтығын қалыптастыру үлгісі

 

id

name

region

geoposition

address

1

Гиппократ

Нұр-Сұлтан

51.117469,71.428171

Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.М. «Ильинка» Есет батыр көшесі 18-үй

2

Зеленая аптека

Нұр-Сұлтан

51.121077,71.419938

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық шағын ауданы Сауран көшесі 5-үй

 

Бұйрыққа қосымша

 

 

Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

 

  1. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 13231 арқылы тіркелген, 2016 жылдың 11 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
  2. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 10 қазандағы № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 17682 арқылы тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкта 2018 жылдың 8 қарашада жарияланған).
  3. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушы 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 201/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 20762 арқылы тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкта 2020 жылдың 31 мамырда жарияланған).
«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасы
Дата публикации
15 января 2021