Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 13 қарашадағы № 2 хаттамасы

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Астана қ.№213қараша 2026жыл

Төрағалық еткен

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Е.Д. Тоқтағұлов

Қатысқандар: (тізім бойынша)

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

(Тоқтағұлов, Бәкіров, Уақпаев, Ахетов)

1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры И.К. Бәкіровтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ДСМ) ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, ақпараттық сұрау салуларды жүргізу, ашық деректердің өзектілігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты назарға алынсын.

1.2. ДСМ Комиссияның келесі отырысына төмендегі сұрақтарға жауаптарды қамтитын баяндама дайындасын:

1) азаматтар өтініштерінің 72,7%-ын қайта жолдау себептері, қойылған мәселелердің нақты шешілуін бақылау тетіктері және бақылау нәтижелері туралы ақпарат;

2) Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес келіп түскен және қаралған өтініштердің (оның ішінде сұрау салулардың, арыздардың, шағымдардың) ҚР ӘРПК шеңберінде қаралатын өтініштерден бөлек көрсетілген жеке статистикасы;

3) ДСМ есебінде және Ашықтық индексінде көрсетілген өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу туралы мәліметтердегі алшақтыққа қатысты қолданылған әдістеме мен растайтын деректерді көрсете отырып, түсініктемелер (Ашықтық индексіне сәйкес, ДСМ 1,21 балл көрсеткішімен «бағалаудың тиімсіз деңгейі» санатына жатқызылған. Бұл ретте Министрлікке қатысты 30 113 өтініштің 21-і бойынша қарау мерзімдерін бұзу фактісі тіркелген. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің өз есебінде мерзімдерін бұза отырып қаралған 4 өтініш қана көрсетілген)

4) өтініш берушілердің 53,6%-ын құрайтын қанағаттанарлықсыз бағалардың себептерін зерделеу және өтініштерді қарау сапасын арттыру мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпарат;

5) МФБК және оның аумақтық бөлімшелеріне келіп түскен өтініштер саны бойынша салыстырмалы статистика (23 611 және 14 364 көрсеткіштері арасындағы 9 247 өтініш көлеміндегі айырмашылыққа түсініктеме бере отырып, есептеу көздері мен әдістемесін көрсете отырып)

6) ведомстволық бағынысты 32 ұйымның ақпараттық ашықтығына бағалау жүргізу, анықталған кемшіліктер және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер, оның ішінде ДСМ комитеттерінің аумақтық бөлімшелерін қамту мәселесі;

7) ДСМ және сыртқы бағалау шеңберінде тексерілген ашық деректер жиынтықтарының тізбесі, олардың өзектілігін айқындау өлшемшарттары және анықталған алшақтықтарға қатысты түсініктемелер (ДСМ есебінде ашық деректер жиынтықтарының өзектілігі 88,9%-ды құрайтыны көрсетілген, бұл ретте үш жиынтық түзетуді қажет ететін болып танылған. Сонымен қатар, Ашықтық индексінің сыртқы бағалауына сәйкес, тексерілген 28 жиынтықтың 8-і дұрыс жаңартылмаған)

8) Бірыңғай білім базасының сұранысқа ие болуын бағалау өлшемшарттары, орналастырылатын материалдардың жиі қойылатын өтініштер мен азаматтардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкестігін талдау, ресурстың қайталанатын және біртекті өтініштер санын қысқартуға ықпалы, сонымен қатар кері байланысты дамыту жөніндегі жоспарланған шаралар туралы ақпарат (ДСМ есебінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Бірыңғай білім базасында 110 материал орналастырылып, олар 1 018 қаралым жинағаны көрсетілген. Сонымен қатар, пайдаланушылар тарапынан бағалар мен пікірлер іс жүзінде болмаған)

9) ақпараттық ашықтық саласында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі нақты шараларды, жауапты құрылымдық бөлімшелерді және орындау мерзімдерін көрсете отырып әзірленген іс-шаралар жоспары.

2. «Бірыңғай білім базасы» жобасын іске асыру туралы

(Тоқтағұлов, Сейсебаев, Ахетов, Молдабеков)

2.1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жанындағы «Таным» КОО бас менеджері Ө.ССейсебаевтың «Бірыңғай білім базасы» жобасын іске асыру туралы ақпараты назарға алынсын.

2.2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Таным» КОО мыналарды қамтамасыз етсін:

1) Бірыңғай білім базасын одан әрі дамыту, оның ішінде оны толықтыру мен жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық, техникалық және мазмұндық мәселелері бойынша жұмысты үйлестіруді;

2) пайдаланушылардың кері байланысын, қаралымдар мен іздеу сұрауларының статистикасын, материалдардың сұранысқа ие болуын тұрақты жинау және талдау тетігін, сонымен қатар қайталанатын және біртекті өтініштердің едәуір саны сақталып отырған тақырыптарды анықтау мәселесін пысықтауды;

3) Бірыңғай білім базасын одан әрі дамыту бойынша қабылданған шаралар мен ұсыныстар туралы ақпаратты.

3. Комиссия хатшысы Комиссияның келесі отырысына ДСМ қайта тыңдау мәселесін пысықтау.

Комиссия төрайымының орынбасары,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі

ЕТоқтағұлов

Комиссия хатшысы,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры

ҚАхетов

Жарияланған күні

24 қараша 2026 14:32

Жаңарту күні

24 қараша 2026