«Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту» жобасы (бұдан әрі – ЦЭТВ жобасы) шеңберінде ел халқының 95% – дан астамын қамтитын 827 Радиотелевизиялық станция (бұдан әрі-РТС) салу және реконструкциялау жоспарланған.
2020 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша ел халқының 91,11% - ын қамтитын 546 РТС пайдалануға берілді. Павлодар, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында аналогтық теледидарды өшіре отырып, ЦЭТВ-ға толық көшу жүзеге асырылды. Аталған өңірлерде халықтың 95% - ы, 3000-нан астам елді мекендер қамтылған.
«Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласына ЦЭТВ-ға көшу жоспарлануда.