Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоғамдық кеңесінің отырысының
№ 4 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2026 жылғы 22 қыркүйек
Қонаев к-сі 12/1 сағат 17.00
Төрағалық етуші:
Этносаралық қатынастар саласындағы комиссиясының төрағасы –
Ш.А. Пулатов
Қатысқандар: (тізімге сәйкес)
|
1. «Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасы туралы» (Сұлтанова Г. Б.)
Қоғамдық кеңесі ұсынады : 1.1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Г.Б.Сұлтанованың ақпараты назарға алынсын.
1.2 Азаматтық қоғам істері Комитетіне: «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын әзірлеу барысында төмендегі ұсыныстарға назар аудару қажет: 1) Жеке мекемелерді үкіметтік емес ұйымдар ретінде қарастырылуы мүмкін ұйымдық-құқықтық нысандардың тізбесінен алып тастау. 2) ҮЕҰ шығыстарын есепке алу мәселесіне қатысты.ҮЕҰ шығыстарын есепке алуға нақты нормативтік анықтама беру: (мұндай талаптар гранттар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ды қаржыландырудың өзге де көздері есебінен жүзеге асырылатын шығыстарға қатысы бар ма?). 3) ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның мәртебесі мен функционалдық міндеттерін нормативтік тұрғыдан нақты бекіту. Оның жеке штаттық бірлік болып табылатыны немесе мемлекеттік орган қызметкерінің қосымша функциясы ретінде жүзеге асырылатыны, біліктілік талаптары, негізгі функциялары мен өкілеттіктері, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, жауапкершілігі, уәкілетті органмен өзара іс-қимыл және үйлестіру тетігін анықтау. 4) «Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар» деген қосымша саланы көздейтін 16-баптың 2 тармағын алып тастау. 5) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының әлеуметтік заңнамасымен реттелетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қолданылмайды» атты нақты тұжырымды бекіту. 6) Азаматтық ресурстық орталықтардың қызметіне қойылатын талаптардың елеулі бөлігін Азаматтық ресурстық орталықтардың қызмет стандарты деңгейіне шығару және заңда олардың қызметінің негізгі қағидаттарын, функциялары мен қызметінің кепілдіктерін ғана бекіту. 7) ҮЕҰ-ның жарғылық мақсаттары мен қызмет бағыттарын шектеу мәселесіне қатысты: - «Бір мақсат – бес бағыттан артық емес» тәсілінен бас тарту туралы ұстанымды қарастыру. - ҮЕҰ-ға өзара байланысты кемінде үш негізгі қызмет мақсатын айқындау мүмкіндігін көздеу ұсынылады. 8) ENPO платформасының жоғары сапалы және пайдалануға ыңғайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. 9) ҮЕҰ-дың өздері тіркелген өңірлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыруға қатысу мәселесін қарастыру. 10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезінде ҮЕҰ-ды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мәселесін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтау.
|
|
|
|
2. «Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңестің жұмысын қорытындылау» (Ш.А. Пулатов)
Қоғамдық кеңесі ұсынады : 2.1 Мәдениет және ақпарат саласындағы қоғамдық кеңесінің Ш.А. Пулатовтың ақпараты назарға алынсын.
|
Төраға: Ш. Пулатов
Хатшы: А. Копбаева