«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №470-НҚ бұйрық

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің        2023 жылғы 13 шілдедегі № 281-НҚ бұйрығымен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереженің 1-тарауының                    2-тармағына, 3-тарауының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрі                                            А. Қырықбаев 

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 470-НҚ бұйрығына

1-қосымша

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі

комиссия мүшелерінің тізімі

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қырықбаев

Арман Оразбайұлы

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Комиссия төрағасы;   

Тоқтағұлов

Ержан Дәулетұлы

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-миниcтрі, Комиссия төрағасының орынбасары;

Ахетов

Қайнар Қаниұлы

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры, Комиссия хатшысы;

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары

Башимов

Марат Советұлы

– Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаты (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Жаманқұлова

Қарлығаш Қалибекқызы

– Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаты (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Халықаралық ұйымның өкілі

Қалтаева                                Ләззат Молдабекқызы

– Қазақстан Республикасының атынан БҰҰ мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарының өкілдері

Коняшкин

Ростислав Анатольевич

– Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Сайтбеков

Айдар Мұтәлікұлы

– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Жазықбаев

Бахтияр Базарбайұлы

– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Ахметов                          Ерәділ Қалидолаұлы

 

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Омаров                   

Асқар Қуанышұлы

– Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Таженова

Динара Қанатқызы

– Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Бейсенбенов                            Азамат Амангелдіұлы

 

– «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Қоғамдық ұйымның өкілдері

Нұрғазиева                              Бану Ғаниқызы

 

– «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Мәтішев 

Әлиақпар Болатұлы

 

– «САПА» тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұлттық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Ошақбаев                              Рақым Сәкенұлы

– «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Әбдіқайымов                      Зият Нұрланұлы

 

– Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқық қорғаушылары коалициясының мүшесі, Nazarbayev University Information Services ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджер,                      К. Иманалиев атындағы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның консультанты (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Уақпаев                            Бауыржан Сұлтанұлы

– Гуманитарлық зерттеулер мен жобалар институтының директоры (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Тикеева

Әсия Қабдоллақызы

– ««Мама про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры» қоғамдық қорының басшысы;

Атаханова

Қайша Якубовна

– ««АГРО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Өңірлік даму жөніндегі кеңесшісі;

Диденко

Ольга Александровна

– «Internews Kazakhstan» заңгері (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Біржанова

Гүлмира

– «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

Зинович

Татьяна Сергеевна

 

– «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры директорының міндетін атқарушы (келісу бойынша), Комиссия мүшесі;

 

 

Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы «30» қыркүйектегі

№ 470-НҚ бұйрығына

2- қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығы;
  2. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 18 бұйрығы;
  3. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 399-НҚ бұйрығы;
  4. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 222-НҚ бұйрығы;
  5. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 111-НҚ бұйрығы.

 

Дата публикации
02 октября 2026