Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоғамдық кеңесінің және Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының
№ 2/33 ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы, Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты мәжіліс залы
2026 жылы 19 маусым
сағ 10:00
Төрағалық етуші:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Г.Г. Шиповских
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Д.Д.Бықыбаев
Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізімге сәйкес)
(Т.Д.Зейденова)
Қоғамдық кеңес ұсынады:
1.1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Достиярқызы Зейденованың ақпараты назарға алынсын.
1) Халықаралық ынтымақтастықты, БҰҰ Еріктілері бағдарламасы ұйымымен серіктестікті нығайту;
2) Ұлттық іс шаралар жоспарына сәйкес волонтерлік саланы тұрақты қолдау тетіктерін қалыптастыру;
3) волонтерлік бастамалардың Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ықпалын арттыру;
4) волонтерлік саласындағы шағын гранттар аясында іске асырылып жатқан іс-шараларды жариялау және ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын күшейту жөніндегі мүмкіндігін қарау.
(Н.Н.Сыздығалин)
Қоғамдық кеңес ұсынады:
2.1 Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті директорының орынбасары Нұркен Нұрғалиұлы Сыздығалиннің ақпараты назарға алынсын.
2.2 Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментіне:
- Цифрлық трансформация аясында тарихи жадыны жүйелеуге, деректерді ұзақ мерзімге сақтауға және жасанды интеллект жүйелерінде дұрыс пайдалануға бағытталған «Ұлттық цифрлық мұра» порталын іске асыру;
- мәдени және тарихи мұраның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаның интеллектуалды қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2.3 «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды және бюджеттен тыс көздерді тарту мүмкіндігін қарастыру.
(А.К.Курамысова)
Қоғамдық кеңес ұсынады:
3.1 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының архив бөлімінің басшысы Айнура Кенесқызы Курамысованың ақпараты назарға алынсын.
3.2 Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасына:
- Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын цифрландыру жобасы аясында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (ҚБЭА) ақпараттық жүйесін дамыту арқлы архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарын жүйелендіру;
- Архивтердің материалдық - техникалық базасын жақсартуға қажетті қаржы көлемін облыстық бюджеттен қарастыру;
- Архив саласын цифрлық трансформациялау бағытында ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
(С.Ж.Барлыбаев)
Қоғамдық кеңес ұсынады:
4.1 Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сабит Жарасұлы Барлыбаевтың ақпараты назарға алынсын.
4.2 Мәдениет комитетіне:
- Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру жəне күтіп ұстау қағидаларының талаптарына сәйкес музейлер тиісті жұмыстарды жалғастырсын.
(С.Қ.Қалиев)
Қоғамдық кеңес ұсынады:
5.1. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Сауран Қалиұлы Қалиевтің ақпараты назарға алынсын.
5.2. Мәдениет комитетіне:
- Жамбыл облысының тарихи-мәдени мұра объектілеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге құзіреті аясында қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру;
Төраға: Г. Шиповских
Төраға: Д.Бықыбаев
Хатшы: Ж.Орынбаева