БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат бойынша статдеректер

Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиа саласының кәсіби әлеуетін нығайту Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Министрдің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 20 бұйрығымен Халықтың медиасауаттылығын дамытудың және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттырудың 2025 жылға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді. Жоспар аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

2025 жылы мынадай шаралар өткізілді: 30-31 қаңтарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ғылым және жоғары білім бағыттардағы салалық баспасөз хатшыларына арналған «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өткізілді. Іс-шараның ашылуында БАҚСМСД директоры Қайнар Ахетов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Іс-шара салалық баспасөз хатшыларын медиа және коммуникация саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдерге оқытуға, тәжірибе алмасуға және олардың ғылым мен білім саласындағы біліктілігін арттыруға, БАҚ арқылы халықты сенімді және уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге бағытталған.

17 ақпанда Министрлік М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп «Конвергентті журналистті даярлау әдістемесі: кәсіби құзыреттер арқылы әмбебап дағдыларды қалыптастыру» атты оқу-әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараның ашылуында БАҚСМСД бас сарапшысы А. Қошкенбаева, М. Қозыбаев атындағы СҚУ басшылығы сөз сөйледі. Іс-шара журналистердің заманауи технологияларды қолдана отырып медиа өнімдер жасау, жалған ақпаратқа қарсы тұру, материалдарды сараптамалық-аналитикалық талдау жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. 

26 ақпанда Министрлік Narxoz университеті, БҰҰ-ның ҚР-дағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі - БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросы және Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығымен бірлесіп «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның ашылуында БАҚСМСД директоры Қ.Қ. Ахетов сөз сөйледі. Жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен журналистер Орталық Азия мен Қытайдағы медиа кеңістіктің дамуына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылады.

29 сәуірде Министрлік М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен бірлесіп «Бүгінгі журналистика: сын-қатерлер, трендтер, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл» атты семинар өткізді. Іс-шара журналистердің заманауи технологияларды қолдана отырып, медиа өнімдер жасау, баяндау шеберлік, медиа сауаттылық, журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіру бойынша кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған.

14 мамырда Министрлік «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп «Халықаралық журналистика: дамуға ресми көмек» семинар өткізді. Семинарда халықаралық қатынастар, жария дипломатия, халықаралық баспасөзбен жұмыс саласындағы салалалық журналистиканың өзекті мәселелері талқыланды.

30 мамырда Министрлік ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп, күштік құрылымдар жұмыскерлері мен журналистерге арналған әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар оқу курс өткізді. Курс шеңберінде жауынгерлік қақтығыстар аймағындағы журналистер қызметінің ерекшеліктері, төтенше табиғи жағдайлар кезіндегі БАҚ рөлі, төтенше жағдайларға ден қоюда ақпараттық жүйелерді қолданудың өзекті тәсілдері және талқыланды. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

12 маусымда «Birgemiz: Areket yaqyty» волонтерлік саласындағы стратегиялық әріптестік жобасы шеңберінде ҚР МАМ «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп республикалық және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-оқыту өткізді. Оқытудың мақсаты-журналистердің біліктілігін арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарында волонтерлік қызмет туралы сапалы ақпарат беруді дамыту.

30 маусымда Министрлік «Qazsport» телеарнасының базасында «Қазақстанның спорттық журналистикасы: дәстүрден цифрлық трансформацияға дейін» атты спорттық журналистика бойынша семинар өткізілді.

13 қарашада М.О.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Журналистер жұмысында ЖИ дамыту» тақырыбында семинар және дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар, 24 қыркүйек-26 қараша аралығында баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдері үшін «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс өткізілді. Бағдарлама салалық тақырыптарды сапалы қамту үшін қажетті Талдамалық, коммуникативтік және бейіндік құзыреттерді дамытуға бағытталған, сондай-ақ баспасөз хатшыларының, дағдарысқа қарсы коммуникациялардың, өзара іс-қимылдың тиімді арналарының және халықаралық тәжірибенің жұмыс мәселелерін қамтыды.

Бағдарламаға Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың және журналистердің 150-ден астам баспасөз хатшыларының өкілдері қатысты.

5 қарашада салалық журналистиканы дамытуға және кадрлар даярлауды жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ арасында журналистердің кәсіби деңгейін арттыру және медиасфераға заманауи технологияларды енгізу бойынша бірлескен бастамаларды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

 

 

2026 жылғы 2 ақпандағы №32-НҚ бұйрықпен «Халықтың медиасауаттылығын дамыту және медиа саласы мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі 2026 жылға арналған жоспар» бекітілді. Жоспар аясындағы іс-шаралар азаматтардың ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ отандық бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Жоспарды іске асыру шеңберінде 2026 жылы салалық журналистиканы дамытуға бағытталған 22 іс-шара өткізілді. Оған 717-дан астам БАҚ өкілі мен медиа мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер қамтылды. Іс-шаралар мемлекеттік органдармен және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп өткізілуде.

23 қаңтарда мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ корпорацияның сарапшылар пулын қалыптастыру мақсатында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Ашық алаң» қоғамдық-саяси бағдарламасы («Медиадиалог» сарапшылар клубы) базасында мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Спикер ретінде «Алаң» бағдарламасының жетекшісі Жайна Сламбек сөз сөйледі (13 ұйымнан 45 адам қатысты). Сонымен қатар, 20 ақпанда «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі, PR маманы Назым Жанғазының қатысуымен кезекті семинар өтті (21 ұйымнан 53 адам қатысты).

29 қаңтарда салалық журналистиканы дамыту мәселелері жөніндегі Комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында салалық журналистика мамандарын даярлау, дуалды білім беру жүйесін енгізу, сондай-ақ журналистикада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қаралды.

10 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Журналистика» мамандығының студенттері облыстық «Жетісу» телеарнасымен, сондай-ақ «Jetisy» және «Вестник Жетісу» газеттерімен ынтымақтастық аясында өндірістік практикадан өтуде (30 студент).

16 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінде қазіргі медиасаладағы жасанды интеллекттің рөліне арналған практикалық шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараға жалпы саны 46 студент пен факультет оқытушылары қатысып, контент жасау саласындағы жаңа технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен (41 БАҚ өкілі) ақпан айында «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы БАҚ қызметін жетілдіру» тақырыбында тренинг өткізілді.

Сонымен қатар, 5 наурызда «Медиасауаттылық – ақпараттық қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында кездесу өтті (23 БАҚ өкілі).

19 наурызда «Шалқар» радиосы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің бірлескен бастамасы болып табылатын «Sungar» конвергентті радиожобасының таныстырылымы өтті. Кездесуге тәжірибелі журналистер, «Шалқар» радиосының қызметкерлері және журналистика факультетінің оқытушылары қатысты (30 қатысушы).

23 наурызда Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерінің қатысуымен (52 студент) жасанды интеллектіні пайдалану саласын меңгеру мен бағдарлауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.

Наурыз айында Абай облысында өңірлік БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған журналистика және баспасөз қызметі саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізілді. Спикер ретінде IT-маман, жасанды интеллект саласының сарапшысы, медиа-лектор Аршат Оразов қатысты.

20 наурызда «Ақпарат» және «Жедел желі» бағдарламаларының жүргізушісі Армангүл Тоқтамұраттың қатысуымен семинар өткізілді (12 ұйымнан 26 адам қатысты).

27-28 наурыз күндері Алматы қаласында «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кіретін «Ұлан» газетінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетімен бірлесіп ұйымдастыруымен Жас тілшілер форумы өтті. Форум журналистиканы болашақ мамандық ретінде таңдауға қызығушылық танытқан еліміздің барлық өңірлерінен келген мектеп оқушыларын біріктірген алаңға айналып, олардың кәсіби бағдарлануына бағытталды (60 қатысушы).

Халықтың медиа сауаттылығын арттыру бойынша «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты басылымдарда жыл басынан бері бірнеше мақала жарияланды. Атап айтқанда, «Egemen Qazaqstan» газетінде 4, «Казахстанская правда» газетінде 4, «Ұлан» газетінде 2, «Ақ желкен» журналында 2 мақала жарияланды. Бұл жұмыс жыл бойы жүйелі жалғасатын болады.

9 сәуірде журналист, IT маман Мейіржан Әуелханұлы «Қазақ газеттері» ЖШС басылымдарының журналистеріне «Редакциядағы ЖИ: уақытты үнемдеудің 10 тәсілі» атты семинар өткізді. Семинарға журналистер, дизайнерлер қатысты (25 қатысушы).

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагог мәртебесін айқындау және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде заңнама нормаларын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Педагог мәртебесін, сондай-ақ БАҚ-та балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыстардың білім басқармаларының ұйымдастыруымен off the record форматында БАҚ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

14 сәуірде Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы «Салалық журналистиканың өзекті мәселелері және жаңа медиа ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында журналистиканың дамуындағы заманауи үрдістер, медиакеңістіктің трансформациясы, сондай-ақ қоғамдық пікір мен кәсіби стандарттарды қалыптастырудағы жаңа медианың рөлі талқыланды. Дөңгелек үстелде университет оқытушылары және Пенджаб университетінің (Пәкістан) спикері, доктор Раб Наваз Лодхи сөз сөйледі (42 оқытушы мен студент қатысты).

Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту мақсатында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның медиа мектебі базасында 3-4 курс студенттеріне теле- және радио бағдарламалардың жүргізушісі бағыты бойынша оқыту семинарлары өткізілуде. Аталған семинар әр сенбі күні сағат 11:00-де ұйымдастырылады (25 спикер, 44 студент).

Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның медиа мектебі базасында 3-4 курс студенттеріне спорт комментаторы бағыты бойынша спорттық комментарий жасау курстары ұйымдастырылды. Аталған семинар әр бейсенбі күні сағат 17:00-де өткізіледі (13 спикер, 8 студент).

11 сәуірде «Қазақстан» РТРК» АҚ студенттерге арналған «Фейктермен күрес: фактчекинг құралдары», «Әлеуметтік желілердегі контент мәдениеті: алгоритмдер қалай жұмыс істейді?» және «Жаңалықтарды талдау әдістері: дереккөздерді тексеру» тақырыптарында оқыту семинарларын өткізді. Семинарлар студенттердің ақпараттық мәдениетін арттыруға, фактчекинг дағдыларын меңгеруге және цифрлық контентті талдау қабілеттерін дамытуға бағытталды (3 спикер, 23 студент).

16-17 сәуір күндері телеарналардың журналистері, продюсерлері және медиа мамандарына арналған «Мультимедиялық сторителлинг және визуалды форматтар. Практикадағы мобильді журналистика. Смартфон көмегімен репортаж жасау» тақырыбында екі күндік тренинг өтті. Тренинг лекторы ретінде халықаралық сарапшы, журналист, продюсер, Euronews телеарнасындағы Ocean бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Денис Локтье. Тренингке «Хабар», Qazaqstan және Jibek Joly телеарналарының 30-ға жуық өкілі қатысты.

23-24 сәуірде «Мамандандырылған журналистика» атты интенсивті курс өтті. Курс Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан келген жас журналистер мен бейіндік мамандық студенттерін біріктірді. Тренер халықаралық сарапшы және 2012 жылдан бері грек қызметіндегі журналист Иоаннис Гиагкинис. Курстан 20-ға жуық медиа маман өтті.

Білім беру бағдарламалары сериясы аясында 28-29 сәуір күндері «Медиа технологиялар» атты интенсивті курс өтті. Оқыту «Халықаралық жобаларды басқару және продюсерлеу» (Production Management of International Shows) тақырыбына арналды. Бағдарлама кәсіби мамандарға бағытталып, оған Астана және Алматы қалаларынан продюсерлер, медиаменеджерлер және бейінді мамандар қатысты. Тренер халықаралық сарапшы, Euronews-тың грек қызметінің жетекшісі және Ташкенттегі бюро басшысы Акис Татсис (Akis Tatsis). Оқытудан 18 медиа маман өтті. Курс пен тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

29 сәуірде Magsut Narikbayev University-де Euronews халықаралық журналисі Иоаннис Гиагкиниспен Open Talks форматындағы атты кездесу өтті. Тыңдаушылардың жалпы саны – 20 адам.

Дата публикации
26 мая 2026