2025 жылғы 4-тоқсан бойынша ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы анықтама
2025 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша министрліктерге, әкімдіктерге және мәслихаттарға қатысты қашықтықтан бақылау нысанында мемлекеттік бақылау жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі Министрліктің ұсынымдары 6 орталық мемлекеттік органға (Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Энергетика министрлігі, Әділет министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) және 5 жергілікті атқарушы органға (Абай облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Астана қаласы) жолданды.
Негізінен, мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген бұзушылықтар интернет-ресурстарда бюджет қаражатының жұмсалуы, азаматтық бюджет, азаматтарды қабылдау кестелері, мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат, байланыс деректері және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабында көзделген өзге де мәліметтердің орналастырылмауына қатысты болды.
Аталған барлық мемлекеттік органдар Министрлік анықтаған бұзушылықтарды жойды.