Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау басталғаны туралы хабарлайды («ТҮРКІ ӘЛЕМІ» – Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан әдебиеті. Қазақстан мен Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан арасында мәдени байланыстар орнату», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы, «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы»).
Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары 2026 жылдың 28 сәуірінен бастап 17 мамырына дейін мына электронды мекенжай бойынша baikau_mki@mail.kz қабылданады.
Конкурстық құжаттамамен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.
Стратегиялық әріптестікті жүзеге асыратын мемлекеттік тапсырысты орындау Ережесіне сәйкес (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032852 ), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Ереженің 3-тарауының 7-тармағына сәйкес талаптарға сай келуге тиіс.
Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар пакеті Ереженің 3-тарауының 10-тармағында белгіленген.
Сұрақтар туындаған кезде мына нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 740408, 8 (7172) 740407
Ескерту!
Өтінімді baikau_mki@mail.kz электронды поштасына жібергеннен кейін техникалық ақаулар болмауы үшін 8 (7172) 740408 нөмірі бойынша міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.