
1. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер туралы
2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша ел аумағында 18 конфессияны қамтитын 3999 діни бірлестік тіркелген (2858 - исламдық, 347 - православтық, 91 - католиктік, 592 – протестант, 57 - Ехоба куәгерлері, 23 - Жаңа апостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 – иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).
Жалпы ғибадат үйлер саны – 3788 (2857 - мешіт, 302 - православ шіркеуі, 116 - католик шіркеуі, 421 - протестанттық ғибадат үйі, 55 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 25 - Жаңа Апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагога, 3 - Кришна санасы қоғамы, 2 - Бахаи ғибадат үйі, 1 - буддисттік ғибадатхана).
2. Қазақстан Республикасындағы миссионерлер туралы
Елімізде ресми 452 миссионер тіркелген, олардың 417 - шетелдіктер, 35 - Қазақстан Республикасының азаматтары (cенімдер контексінде: католиктер - 244, елуінші күн шіркеуі - 70, Кришна санасы қоғамы - 40, мормондар – 31, пресвитериандық шіркеу - 24, православтар - 20, баптистер - 5, Жаңа апостолдық шіркеу - 7, Ехоба куәгерлері – 4, Жетінші күн адвентистері - 3, иудаизм – 2, лютерандық – 1, буддизм - 1).
3. Дін саласындағы құқық бұзушылықтар туралы
2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453, 489-баптары бойынша құқық қорғау органдары және өңірлік Дін істері басқармаларымен 19 факт анықталды.
Бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, ең алдымен, әкімшілік шараларды барынша азайта отырып, алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылған.
4. Өңірлердегі АТТ жұмысы туралы
Дін мәселелері бойынша құрамында 2739 маманы бар 236 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады.
Жыл басынан бастап АТТ дәріскерлері 2 млн 649 тыс. астам адамның қамтылуымен шамамен 65 мың іс–шара өткізілді.
АТТ қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіп орындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.
5. Қазақстан Республикасындағы дінтану сараптамасы туралы
2024 жылғы 4 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 1474 материалдың 886 – оң, 233 – теріс қорытынды берілді. Сондай-ақ, 355 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды.
561 интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 159 интернет-ресурс сілтемесі анықталды.
6. ҚазақстанРеспубликасындағы діни оқу орындары туралы
2024 жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша елімізде 14 рухани оқу орны бар. Ондағы студенттердің жалпы саны - 5617 адам.
Анықтама ретінде: Исламдық бағыт - 12 («Нұр-Мүбарак» университеті - 1, медресе колледжі - 9, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты - 1, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты - 1).
Христиандық бағыт - 2 (Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы).
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес шетелдік азаматтарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға шақырмас бұрын, миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаты, сонымен қатар қажеттілігіне қарай азаматтарды елімізде тіркелген діни бірлестіктердің арнайы шақыруы болу шарттары көрсетілгендігін мәлімдейміз.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни бірлестіктердің қызметі заңға қайшы келмеген жағдайда, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген.
Осы орайда, мешіт имамдарын қызметке тағайындау, ескерту, сөгіс жариялау, оларды орнында қалдыру және қызметінен босату мәселелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жататындығын мәлімдейміз.
Біріншіден, қоғамдағы міндетті мектеп формасын сақтауға қатысты мемлекеттің заңнамалық нормаларына тоқталған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл ретте, осы бапта жазылғандай, «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс».
Конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып, «Білім туралы» Заң осы саладағы тиісті құқықтық қатынастарды анықтайды. Атап айтқанда, «Білім туралы» Заңның 47 және 49 баптары оқушылардың мектеп формасын міндетті түрде сақтауын және ата-аналардың мектеп формасын сақтауды қамтамасыз ету міндетін бекітеді.
Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы» бұйрығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген.
Сондықтан бұл сенушілердің құқықтарын бұзу болып табылмайды.