Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті

Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қоса алғанда заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

Департамент:

1) Мемлекеттік органдарда қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын дамыту басқармасынан (бұдан әрі – МОҚҚжАҚДБ);

2) Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын талдау және бағалау басқармасынан (бұдан әрі – МпҚӨІҚТжББ) тұрады;

3) Коммуникация арналарын дамыту басқармасы (КАДБ).