
Село әкімдігі ауыл экономикасының негізін құраушы шаруа қожалықтарын құру мен дамытуға, ауылдағы кәсіпкерлікті ынталандыруға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні селолық округте 87 шаруа қожалығы 3 жеке кәсіпкер тіркеліп оның 65-ы жұмыс жасауда. Селоның жалпы жер көлемі 331 128 гектарды құрайды, оның ішінде 218,114 гектар ауыл шаруашылығына пайдалануда және 405 гектар шабындық.
Малшыбай селосында жеке кәсіп ашып, оны дамытуға, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау мақсатында 12 шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Оның ішінде: 9 шаруа қожалығы ірі-қара малдарын асылдандыру бойынша субсидия алды. 2 жеке тұлға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы арқылы 6,5 млн. теңге алды.
Ауыл негізінен малшаруашылығымен айналысады.
Былтырғы жылмен салыстырғанда МІҚ 2,7%, қой-ешкі 1 0,6%, жылқы 1,9% өсті. Бұл селоның ауыл шаруашылығының дамып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар жұқпалы ауруларға қарсы егіп-емдеу, оларды анықтау мақсатында қан алынып, тексеру жұмыстары кесте бойынша жалғасуда.
Ауылымыздағы мал басының жағдайы келесі кестеде көрсетілген:
|
|
01.01.2021 ж. |
01.01.2022 ж. |
||||||
|
|
МІҚ |
Қой-ешкі |
Жылқы |
Түйе |
МІҚ |
Қой-ешкі |
Жылқы |
Түйе |
|
Шаруа қожалықтары |
1969 |
5573 |
2581 |
18 |
2506 |
6928 |
3472 |
20 |
|
Жұртшылық шаруашылығы |
415 |
809 |
623 |
- |
415 |
809 |
623 |
- |
|
Барлығы |
2384 |
6382 |
3204 |
18 |
2921 |
7737 |
4095 |
20 |