Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті әкімшілік-қаржылық жұмысы басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

229492

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының тізілімін, сондай-ақ демалыстардың жыл сайынғы кестесін жасау және оны сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Іссапар куәліктерін беру. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына тіркеу үшін қызметкерлердің тізімін жасау, қызметкерлердің жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өтуіне мониторинг жүргізу. Арнайы тексеру жүргізу үшін қызметкерлердің құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салу Жолдау. Кадр мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде Комитет бойынша бұйрықтардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау; әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына анықтамаларды талдау және дайындау; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты жұмыстар кешенін; мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз ету; Комитет қызметкерлерінің және Комитеттің қарамағындағы ұйымдар басшыларының жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау; жеке құрам, іссапарлар және демалыстар бойынша бұйрықтарды дайындау және тіркеу; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарау; комитеттің регламентін және Министрліктің және Комитеттің құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу; жыл сайын демалыстар кестесін жасау және Комитет қызметкерлерінің еңбек демалысын пайдалануын тиісті ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің кірістер туралы декларацияны тапсыру туралы анықтамаларды уақытылы тапсыруын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.11.2022 – 28.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.12.2022

Сұхбаттасу орны

Мангилик ел 55/14, С-2.4

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-27

8-747-383-14-06