Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасының сарапшысы

Мемлекеттік орган

Аэроғарыш комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Геодезия және картография
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Ғарыш аппараттарын өндіру

Функционалды міндеттер

Ғарыш саласын дамытудың басым бағыттары бойынша ғарыш қызметін дамытудың ғылыми-техникалық және технологиялық бөлігінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ғарыш қызметі саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша жұмысты сүйемелдейді және ұйымдастырады (ҚР БҒМ жүйесіндегі ғарыш бейініндегі мамандарды даярлау мәселесін қоса алғанда), ғарыш қызметі саласының жобалары мен бағдарламаларының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бөлігінде жүзеге асырылуын мониторингілеу және қамтамасыз ету;   ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бөлігінде экономика саласының міндеттерін шешуге және ғарыш өнімдерін қолдануын кеңейтуге және соңғы тұтынушыға қызмет үшін ғылымның, техниканың және өндірістің  барлық салаларында жаңа білімді қолдану және қолдануға бағытталғанғарыш қызметі саласындағы бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және қамтамасыз ету (астрономия, геофизика, геодезия және картография, экология, ауыл шарушылығы, қоғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқалары); жоғарыдағы экономика саласының міндеттерін шешу үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді және әзірлейді (ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, тау-кен өндірісі саласында, геодезия, маркшейдер және басқа салаларда соңғы қолданушы үшін ғарыштық техника және технологиялар, ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық құралдар); ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың және салалық бюджеттік бағдарламалардың тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға қатысу; ғарыш қызметі саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша жұмысты сүйемелдейді және ұйымдастырады (ҚР БҒМ жүйесіндегі ғарыш бейініндегі мамандарды даярлау мәселесін қоса алғанда) ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындау бөлігіндегі Министрліктің  Даму жоспарының іс-шараларын іске асыру; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің, Комитеттің отырыстарына ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, ақпараттарды, есептерді, материалдарды дайындау; Комитет жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес жұмысын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2022 – 04.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 12 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

Әкімшілік жұмысы басқармасы - 87172742452, 87172742163