Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық ұйымдар және өңірлік ынтымақтастық басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік), № 13-4-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

428566

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Ақпараттық жүйелер
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Халықаралық ұйымдармен және Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ынтымақтастық бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметін қамтамасыз ету. Халықаралық шарттар болып табылмайтын халықаралық шарттар мен өзге де халықаралық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің халықаралық ынтымақтастық саласындағы құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысу. Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қатысу және өткізуді қамтамасыз ету. Орталық Азия, Каспий өңірі елдерімен және халықаралық ұйымдармен (ЭЫДҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және т.б.) ынтымақтастық шеңберінде құжаттарды қарау және келісу. Халықаралық ұйымдардың, Орталық Азия елдерінің және Каспий өңірінің өкілдерімен келіссөздер жүргізу. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салалары бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуының ықтимал салдарын бағалау бойынша талдау жүргізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын қамтамасыз ету және стратегиялық әріптестермен ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін кеңейтуге, мемлекетаралық кооперацияның тиімділігін арттыруға және Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен, атап айтқанда, Шетел капиталын тарту және халықаралық алаңда Министрлік реттейтін салаларда инвестициялық тартымдылықты қалыптастыру есебінен екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Басқарманың құзыреті шегінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамытуға қатысу. Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер орталарымен өзара іс-қимыл жасау. Белгіленген тәртіппен уәкілетті органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің іскер орталарымен өзара іс - қимыл жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.08.2022 – 16.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтан бейне байланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649158