Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғарыштық байланыс жүйелері басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аэроғарыш комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Автоматтандыру және басқару
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Комитет басшылығы тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындауын қамтамасыз етеді. Комитет басшыларының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша талдамалық анықтамалар, қызметтік жазбалар дайындайды. Сыбайластық жемқорлықтың болуына жол бермейді. Геостационарлық (ГСО) ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптаманы өткізуді ұйымдастырады және оларға қорытындыларды дайындайды. ГСО ғарыштық байланыс жүйелері үшін орбиталық-жиіліктік ресурсты қамтамасыз ету, дамыту және тиімді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтайды және әзірлейді; ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторын анықтау, сондай-ақ Басқармаға жүктелген  тапсырмаларға сәйкес оның міндеттері мен функциялары бойынша ұсыныстарды пысықтайды және әзірлейді; ғарыштық байланыс жүйесінің жерүсті инфроқұрылымын және жерсеріктерін сақтандыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді; ГСО ғарыштық байланыс жүйелерін, соның ішінде күштік құрылымдар мүдделерінде тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГСО ғарыштық байланыс жүйелері базасында қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасы үшін жасалынатын ғарыштық байланыс жүйелерін өндіру мемлекеттік тапсырмалар тізіміне ұсыныстарды әзірлейді. Ұлттық ғарыштық байланыс жүйелерінің спутниктік ресурсын қазақстандық және шетелдік байланыс және тарату операторларымен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;

ГСО ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыштық қызметі саласындағы жобаларға техникалық тапсырманы (техникалық спецификацияны) қалыптастыруды (әзірлеуде) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжаттарының жыл сайынғы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және олар бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді; Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің және әлемдік тенденцияның дамуын болжауда және жағдайына талдау жүргізуде қатысады. Келесі жылғы Комитет бюджетін құру және ағымдағы жылғы бюджетті түзету, Комитет әкімшілік ететін ғарыш саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады; жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін әзірлейді; Басқарманың жұмыс жоспарына ұсыныстар, есептер және Басқарманың қызметі туралы анықтамалар және Басқарманың құзіреті шегінде басқа да ақпараттар дайындайды;

ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сауалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ақпараттық және есептік материалдар дайындайды. Берілген құқықтарды жүзеге асыру, Басқарманың тапсырмалары мен міндеттері бойынша басқада міндеттемелерді орындайды. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.07.2022 – 18.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, мәңгілік Ел даңғылы,8, 12 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

742163
Әкімшілік жұмысы басқармасы:
Абылкасымова Тахира Какимоллаевна - 8700 003 06 03
Ахметова Гульмира Кайратовна - 8777 576 87 87