Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 12 наурызға дейін)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
277309
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Функционалды міндеттер
"Электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу; "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік органдар ашық деректердің интерент-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматының тәртібін әзірлеу; Автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеу; Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және келісу; Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету. Ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыныстар енгізу; Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Ақпараттандыру саласындағы әдістемелік материалдарды және ұсыныстарды әзірлеуге; ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы жобалардың орындалуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Өз құзыреті шеңберінде ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру; Басқараманың құзыреті шегінде мақсатты индикаторларды, нәтиже көрсеткіштерге жету және Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспардағы іс-шараларды уақтылы орындау жұмыстарын жүргізу. Министрліктің ақпараттандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік өтінімдерін қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын және тиісті бюджеттік бағдарламаны, Министрліктің стратегиялық жоспары мен бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ Басқарма құзыреті шегінде олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және Мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру..
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.06.2022
- қашықтан бейне байланыс құралы арқылы
-
8-747-383-14-06
64-91-27