Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

238548

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде геодезия және картография саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану;геодезия және картография саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарын бұзушыларға, бекітілген заңнама тәртібінде тиісті шаралар қолдану; геодезиялық бақылау мәселелері бойынша соттарда Комитеттің мүдделерін білдіру; географиялық атауларды стандарттау және ретке келтіру жұмыстарына қатысу; азаматтардың, заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерін, шағымдарын қарау, түсініктемелер дайындау; Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру, геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру; мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру; геодезиялық және картографиялық қызмет өндірісін бастау туралы хабарламаларды қабылдау; геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу; геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен ережелердің жобаларын әзірлеу; мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу; геодезия және картография саласындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына қатысу; тарату шектелген топографиялық, геодезиялық немесе картографиялық мәліметтерге өкім бойынша жұмыстарды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2022 – 12.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.04.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5-ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7172)-64-91-42

Жаксылыков Токсан Беркутович