Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті IТ саласындағы адами капиталды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

186526

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Білім: математика

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыреті шегінде ІТ саласында адами капиталды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру. ЭЫДҰ - мен бірлесіп АТ құзыретін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асыру. Халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша жұмысты жүзеге асыру. АКТ және инновациялар бойынша кіші топтар бойынша жұмысты жүзеге асыру. АТ мамандарының біліктілік деңгейін Еңбек нарығының талаптарына дейін арттыруды ынталандыруға жәрдемдесу. Басқарманың бюджеттік өтінімдерін, жоспарларын, есептерін және басқа да ағымдағы қызметтік міндеттерін қалыптастыру,сондай-ақ шарттардың орындалуын бақылау. Департамент мәселелері бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау. НҚА жобаларын қарау. «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және келісу. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма құзыреті шегінде ІТ саласында білім беру бағдарламаларын дамытуға/енгізуге бағытталған салалық (секторалдық) бағдарламаларды орындау.  ІТ саласында адами капиталды дамыту бойынша халықаралық тәжірибені талдау және зерделеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Басқарманың құзыреті шегінде қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу (ҚР қолданыстағы НҚА талдау, ҚР қолданыстағы НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу). ІТ саласында адами капиталды дамытудың басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу. Басқарма құзыреті шегінде әдістемелік негізді әзірлеу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2022 – 03.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77751823239