Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық ұйымдар және өңірлік ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, C-5 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2022 жылғы 20 қаңтарға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), № 13-4-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Ақпараттық жүйелер
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Халықаралық ұйымдармен, Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрліктің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету. Халықаралық шарттар болып табылмайтын халықаралық шарттардың және өзге де халықаралық актілердің жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің халықаралық ынтымақтастық саласындағы құқықтық актілерін әзірлеу және келісу. Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қатысу және өткізу. Орталық Азия, Каспий өңірі елдерімен және халықаралық ұйымдармен (ЭЫДҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және т.б.) ынтымақтастық шеңберінде құжаттарды қарау және келісу. Халықаралық ұйымдар мен Орталық Азия елдері, Каспий өңірі өкілдерімен келіссөздер жүргізу. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салалары бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуының ықтимал салдарын бағалау бойынша талдау жүргізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын үйлестіру және стратегиялық әріптестермен ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін кеңейтуге, мемлекетаралық кооперацияның тиімділігін арттыруға және Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін, атап айтқанда Шетел капиталын тарту және халықаралық алаңда Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында инвестициялық тартымдылықты қалыптастыру есебінен жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Басқарманың құзыреті шегінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асыру. Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер орталарымен өзара іс-қимыл жасау. Белгіленген тәртіппен уәкілетті органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің іскер орталарымен өзара іс - қимыл жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы
-
+77751823239