Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, C-2 санаты (1 бірлік), № 13-1-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департаменттің департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын ұйымдастыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттар жасасу, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу. Заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес Үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын, хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру. Департамент құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру және бақылау және Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру. Департамент директорына Департамент жұмысының тиімділігін арттыру бойынша, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар енгізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Мәңгілік ел д. 55/5, С2.4 блогы
-
+77751823239