Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының сарапшысы (1 бірлік), № 11-4-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Министрлікке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қағаз және электрондық форматта қабылдауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, ҚР Парламентінен, министрліктерден, ведомстволардан және басқа да ұйымдардан келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қағаз және электрондық форматта, сондай-ақ қолма-қол және «Электрондық үкімет» порталы арқылы күнделікті жедел тіркеуді қамтамасыз ету. Министрдің блогына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ДҚ-да күнделікті тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг жүргізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету, өтініштер негізінде салалар бойынша проблемалық мәселелер картасын қалыптастыруға қатысу. Министрліктің, департаменттің басшылығына басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрден, жауапты хатшыдан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды ұйымдастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық талдау материалдарын, ақпаратты дайындауға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, қарауға және дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239