Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті
Астана қаласы
-
- Құқық
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік корпорацияның қызметіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру; Мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша Министрлік басшыларының қатысуымен ВБК-кеңесті дайындауды және өткізуді ұйымдастыру, қабылданған шешімнің іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде Министрлікпен бекітілген іс-шаралар жоспарының іске асырылуы бойынша бақылауды, сондай-ақ олардың орындалуы жөнінде есептің ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы ұсынуды ұйымдастыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы ұсынуды ұйымдастыру мәселелері бойынша қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Басқарманың құзыреті шегінде өтініштерді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сұранымдарын қарауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жиынтық материалдарды, ақпараттарды, есептерді, басқа құжаттарды дайындауға қатысу; қызметтік іссапарларға шығу; мемлекеттік корпорацияның даму жоспарларына ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыреті шегінде олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.10.2021
- Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел д., Expo-2017 Әкімшілік ғимараты, С2.4 корпус
-
Байланыс телефоны: 8 702 305 6046