Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті электрониканы дамыту басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), № 15-2-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыреті шегінде Министрлік жоспарлары шараларын сапалы және уақытылы орындау жұмыстарын жүргізу. Мемлекет Басшысы, Премьер-министр кеңсесі, Президент Әкімшілігінің ақпараттандыру мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау, электрониканы дамыту бойынша жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік органдармен олардың бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникациялық құрылғыларға қажеттіліктерін анықтау мақсатында, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындармен олардың арасында өндірістік байланыстарды құру мәселелері бойынша өзара іс-әрекеттесу. ҚР-да мемлекеттік органдар үшін   бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісін ұйымдастыру, отандық бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарастыру, Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасына түсініктеме беру. Басқарма басшысы тапсырмасымен Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Министрлікте, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтары отырыстары, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және бағдарламалық өнімге қатысты электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін жүргізу, оны техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыру. Электрониканы дамыту бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу. IT саласындағы деректерді өзектендіру мақсатында инновациялық технологиялар өндірісін мониторингілеу. Басшылыққа мәжілістерге, отырыстарға, алқа ұжымдарына қатысу үшін материалдар дайындау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.10.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.10.2021 – 14.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77751823239