Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаменті Сараптама басқармасының сарапшысы № 16-3-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау. Инвестициялық ұсыныстарды, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және қаржы-экономикалық негіздемелерін қарау және ақпараттандыру саласында қорытындылар беру. «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыруға шолу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастыру. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептемелерін қарау және қорытындылар беру. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239