Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ЕЭО интеграциялық процестері басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Функционалды міндеттер
- ЕЭО шеңберінде экономикалық интеграция бойынша Министрліктің қызметін қамтамасыз ету.
- Халықаралық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрықтары мен халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу.
- ЕЭО шеңберінде құжаттарды қарау және келісу.
- ЕЭО өкілдерімен келіссөздер жүргізу.
- Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер топтарымен ЕЭО мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
- ЕЭО мәселелері бойынша уәкілетті органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің іскер орталарымен белгіленген тәртіпте өзара іс-қимыл жасау.
- ЕЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегментінің жұмыс істеуіне және дамуына қатысу.
- ЕЭО шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу.
- Цифрлық күн тәртібі және ақпараттандыру жобалары мәселелері бойынша ЕЭК және үшінші елдер арасындағы шарттар, келісімдер, меморандумдар жобаларын қарау.
- Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау бойынша, сандық күн тәртібі және ЕЭО құқығын құрайтын ақпараттандыру жобалары мәселелері бойынша, соның ішінде басқарма құзыреті шегінде бейнеконференцбайланыс арқылы келіссөздерге қатысу.
- Басқарманың құзыреті шегінде сандық күн тәртібі және ақпараттандыру жобалары мәселелері бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуының ықтимал салдарын бағалау бойынша талдау жүргізу.
- Басқарманың құзыреті шегінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамытуға қатысу.
- Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асыру.
- Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 20.04.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
21.04.2020 – 29.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- Қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239