Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Геодезиялық және картографиялық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде геодезия және картография саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды қолдану;геодезия және картография саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарын бұзушыларға, бекітілген заңнама тәртібінде тиісті шаралар қолдану; геодезиялық бақылау мәселелері бойынша соттарда Комитеттің мүдделерін білдіру; геодезия және картография саласындағы заңнаманың түсіндірмелерін дайындау; азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету; геодезия және картография саласында мемлекеттік қызмет көрсету; мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмысқа қатысу; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсынуға қатысу; геодезиялық және картографиялық қызмет өндірісінің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау; геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу; геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен ережелердің, оның ішінде геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінің және тексеру парақтарының жобаларын әзірлеу; мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу; Шығыс Еуропа, Солтүстік және Орта Азия бөлімінің шеңберінде БҰҰ географиялық атаулар бойынша сарапшылар тобының жұмысы; Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтардың, нормалар мен ережелердің жобаларын әзірлеу; топографиялық, геодезиялық және картографиялық материалдар мен маңызды қорғаныс және экономикалық мәні бар деректер бөлігінде құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесіне ұсыныстар әзірлеу; геодезиялық және картографиялық деректер мен материалдардың таралуын шектеу дәрежесін анықтау мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу; топографиялық, геодезиялық немесе картографиялық мәліметтерді тарату шектелген өкім бойынша жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.07.2021
- Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі ғимараты, 16В
-
Жақсылықов Тоқсан Бүркітұлы
Тел.: 8-775-785-77-76