Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр әлеуетін дамыту басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Министрліктің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету туралы комиссияның, тұрғын үй комиссиясының жұмысын жүзеге асыру. Министрлікте мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғаш қабылданған тұлғаларға кәсіби бейімделу және тәлімгерлік мәселелері бойынша тәлімгерлік жөніндегі кеңестің жұмысын жүзеге асыру. "Персоналды басқару" бойынша Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуының тиімділігіне бағалау жүргізу. Мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін кандидатуралар бойынша құрылымдық бөлімшелер, ведомстволар және ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша деректер жинауды және награда парақтары мен тиісті материалдарды тексеруді жүзеге асыру. Қызметкерлерді министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапаттау бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Ведомстволық наградаларға куәліктерді рәсімдеу және беру. Наградталған және көтермеленген қызметкерлердің есебін жүргізу. Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. Ант беру бойынша салтанатты рәсімді өткізу. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметінің тиімділігіне бағалау және талдау жүргізудің негізгі ережелерін, бағыттарын, критерийлерін, тетіктерін айқындайтын құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметінің тиімділігіне бағалау және талдау жүргізу қорытындылары бойынша ақпарат жинау және талдамалық анықтамалар, қорытындылар, ұсынымдар дайындау. Бағалау жүргізу үшін қажетті материалдарды жинау, уәкілетті тұлғаның келісімі бойынша бағалау жүргізу кестесін бекіту. Қызметшіні әңгімелесу өткізу туралы хабардар ету және қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру. Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына бекітуді жүзеге асыру. Министрліктің жаңадан қабылданған және жұмыстан босатылған қызметкерлері бойынша мәліметтерді медициналық орталыққа ай сайын ұсыну. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің жұмысын жүзеге асыру. Номенклатуралық істерді қалыптастыру және Министрліктің ведомстволық мұрағатына тапсыру. Келісуге келіп түскен НҚА жобаларын қарау. Жеке және заңды тұлғалардың кадр мәселелері бойынша, оның ішінде министрдің блогына келіп түскен өтініштерін қарау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтықтан бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239