Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр әлеуетін дамыту басқармасының басшысы (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 1 ақпанға дейін), № 08-3-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін бақылау және қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті қамтамасыз ету; мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету; мотивациялық сипаттағы кадр мәселелері жөніндегі тұрғын үй, марапаттау және өзге де комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) жүргізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді қамтамасыз ету. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемдерін, қызметінің тиімділігіне бағалау және талдау жүргізу тетіктерін айқындайтын құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуді қамтамасыз ету. «Персоналды басқару» бойынша Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалауды жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы статистикалық есепті дайындау. Мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту: мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде министрдің блогына келіп түскен өтініштерді уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239