ҚР ЦДИАӨМ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, № 11-4-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Қосымша талаптар
барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі - 25 мБ
Функционалды міндеттер
Министрлікке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қағаз және электрондық форматта қабылдауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың қағаз және электрондық форматта, сондай-ақ қолма-қол, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, ҚР Парламентінен, министрліктерден, ведомстволардан және басқа да ұйымдардан келіп түсетін өтініштерін күн сайын жедел тіркеуді және бақылауға қоюды қамтамасыз ету. Министрдің блогына, «Адалдық алаңы» кеңсесіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың құжат дерекқорында бейнеөтініштерді күнделікті тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг жүргізу. Келіп түскен өтініштердің саны және оларды қарау нәтижелері туралы ай сайын салыстыру жүргізу, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне № 1-ОЛ нысанды есепті жіберу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру, Басқарма құзыреті шегінде алдағы аптаға орындалу мерзімдерімен бақылаудағы құжаттар бойынша апта сайынғы еске салу-тізбелерін дайындау. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу. Министрліктің, департаменттің басшылығына басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Министрліктің жеке және заңды тұлғалары өтініштерінің жай-күйіне ай сайынғы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Министрдің, жауапты хатшының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауын ұйымдастыру. Басқарманың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық талдау материалдарын, ақпаратты дайындауға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, қарауға және дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239