ҚР ЦДИАӨМ Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрлік басшылығына Департамент жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Министрліктің Жауапты хатшысына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі және оның басқармаларына белгіленген штат санының лимиті шегінде ұсыныстар ұсыну. Министрлік басшылығына Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар ұсыну. Департамент қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтау. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою. Байланыс саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеу, радиожиілік спектрін бөлу, жоспарлау және тиімді пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауға бақылауды жүзеге асыру. Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау. Департамент қызметкерлерінен Министрлік басшылығының бұйрықтарын, шешімдерін, тапсырмаларын тиісінше орындауды талап ету. Қазақстан Республикасының Байланыс саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарының ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Телекоммуникация және почта байланысы саласын дамытуға байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Байланыс саласын талдауды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Телекоммуникация, пошта байланысы саласындағы проблемаларды қарау және шешу бойынша Ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтары шеңберінде жұмысты ұйымдастыру және қатысу. Байланыс операторлары кеңесі отырыстарының жұмысын ұйымдастыру және құжаттарын дайындау. Пошта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыруға қатысу. Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почта индекстерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау. Байланыс саласын дамыту көрсеткіштерін жақсарту мәселелері бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Халықаралық ұйымдармен байланыс саласындағы ынтымақтастыққа қатысу (Халықаралық электр байланысы одағы, Дүниежүзілік почта одағы, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық және т. б.). Байланыс, радиожиілік спектрін бөлу, жоспарлау және тиімді пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты құжаттар жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Белгіленген тәртіппен, Министрлік алқасының отырыстарына, сондай-ақ Министрлік басшылығы өткізетін кеңестерге қатысу. Халықаралық Электр байланысы одағының Радиобайланыс жөніндегі дүниежүзілік конференциясының актілерінен туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және құқықтарын жүзеге асыру. «KazSat» байланыс жерсеріктерінің жиіліктер мен ғарыш кеңістігін пайдалануға халықаралық тануды алу мақсатында жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ «KazSat» байланыс жерсеріктеріне рұқсат етілмеген радио кедергілерін шет мемлекеттердің радиоэлектрондық құралдарымен жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.01.2021 – 01.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77751823239