ҚР ЦДИАӨМ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің атына, «Электрондық үкімет» порталынан, министрдің блогына қағаз және электрондық форматтарда келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ «БҚА» СБӨ-нің тиісті дерекқорларында бейнеөтініштерді күнделікті тіркеуді және бақылауға қоюды ұйымдастыру. Министрлік қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және олар бойынша қызметтік хат-хабарларды уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтауын бақылауды қамтамасыз ету. Басқарманың жоспарлы құжаттарын әзірлеу. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауын қамтамасыз ету. Басқарма қызметкерлерінің Министрлік пен Департамент басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындауын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін Департамент пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен құрылымдық бөлімшелердің жұмысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асыру, келіп түскен өтініштерді талдау және жүйелі проблемаларды анықтау бойынша жұмысты жүргізу. Өтініштердің себептерін анықтау және жою арқылы қайталанған өтініштерді азайту бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін бөлігінде Министрліктің алқа отырыстарын өткізуге және материалдарды дайындауға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрліктің басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындау. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу бөлігінде Министрліктің ішкі құжаттарының мониторингін әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, басқарма құзыретіне кіретін ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша есептерді дайындау және мониторинг бойынша қызметті үйлестіру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындауды қамтамасыз ету. Өз құзыреті шеңберінде осыған уәкілеттік берілген Министрлікпен салалардағы даму мәселелерін регламенттейтін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша талдау жүргізуді, ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және Министрліктің сайтында ақпаратты дайындау және уақтылы орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Министрден, жауапты хатшыдан, вице-министрлерден азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесін жасау және бекіту, қабылдау кестесін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберу. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетіне жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау, жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін уақтылы және сапалы қарау бойынша ай сайынғы талдауды жасау, Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің архивіне сақтауға беруді қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау. 

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 05.01.2021

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    06.01.2021 – 11.01.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы

    Анықтама алу үшін байланыс

    +77751823239