ҚР ЦДИАӨМ Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті Есепке алу, шоғырландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне 2023 жылғы 23 шілдеге дейін)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Орталық аппараттың бекітілген учаскесі бойынша бухгалтерлік есебін жүргізу. Техникалық ерекшеліктердің және оларға шарттардың жобаларының бюджеттік өтінімдерге, Министрліктің стратегиялық жоспарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, қаржыландыру жоспарына сәйкес келуiн тексеру; тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерімен шарттарды Қазынашылық органдарында уақытылы тіркеу; орындалған жұмыстарды орындау туралы актілерді, шот-фактураларды және жүкқұжаттарын есепке алу және тексеру; өнім берушілерге төлемдерді рәсімдеу бойынша жұмыс жасау. Шарт міндеттемелерін орындау мерзімдері бойынша мониторингін жүзеге асыру. Жеке табыс салығын ұстап қалу және мемлекет табысына, міндетті зейнетақылық жарналар соммаларын жинақтаушы зейнетақы қорына, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар аудару. Еңбек бойынша статистикалық есептерді құру және оларды Астана қаласы бойынша статистика департаментіне ұсыну. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық (200.00 нысаны) бойынша салық есептілігін құру және Салық органдарына бекітілген мерзімде ұсыну. Атқарушылық құжаттар бойынша жұмыс. Жүргізілген тексерістерді талдау және бұзушылықтарды жою барысын бақылау, сыртқы және ішкі бақылау органдары жүргізген жұмыс бойынша ақпаратты ұсыну. Ведомстволар мен мемлекеттік мекемелердің бюджеттік және қаржылық есептілігін сапалы қабылдау мен тексеруді жүзеге асыру. Жалпы Министрлік бойынша шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есепті құруды және уәкілетті органдарға уақтылы ұсынуды жүзеге асыру. Жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің үздіксіз жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу. Компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларының сақталуы үшін толық жеке материалдық жауапкершілікте болу. Компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын тіркеу, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларына, серверлік жабдықтарға жоспарлы түгендеу жүргізу, материалдық құралдарды дефектациялау және есептен шығару. Министрлікте, ведомстволар мен мемлекеттік органдарда мемлекеттік мүлікті тапсыру, есептен шығару тәртібінің сақталуын бақылау, аталған мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсыну. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239