Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2022 жылғы 31 мамырға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Министрліктің Стратегиялық жоспарының, Операциялық жоспарының уақытылы әзірленуін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі арасында Меморандум әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Министрліктің Операциялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойыша министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты, Операциялық жоспарды іске асыру бойынша тоқсандық есеп дайындауды ұйымдастыру.  Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Мыналардың: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының; Мемлекеттік стратегиялардың; Мемлекеттік даму бағдарламаларының; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департамент құзыреті шегінде оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді мониторингілеу және дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департаменттің құзыреті шегінде, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есептер дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Қоғамдық кеңестің отырысына ақпараттық материалдар дайындауды ұйымдастыру. Салалық мәселелер жөніндегі консультативтік кеңестің отырысына ақпараттық материалдар дайындауды ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және мониторингілеуге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге ұйымдарда жүргізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу.  Министрлік басшылығы тапсырмаларының орындалуын мониторингілеуді және талдауды жүзеге асырудағы жұмысты ұйымдастырады. Министрлік қызметінің тиімділігі бойынша талдамалық жұмыс жүргізу. Үкімет отырыстарына ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауды ұйымдастыру. Министрдің аппараттық кеңестеріне дайындауды ұйымдастыру. Хаттамалық шешімдерді ресімдеу. Мемлекеттік органдардың интернет-порталына және Министрліктің сайтына Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат дайындау және уақытылы орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.  Министрдің Қазақстан өңірлеріне сапарларына материалдар дайындауды ұйымдастыру. Министрлік алқасының отырыстарына, Министрдің Қазақстан Республикасының Президенті алдында, Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Үкіметтік сағатында есеп беруіне ақпараттық материалдар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Департаменттің құзыретіне кіретін жұмысты ұйымдастыру және қорытындысын шығару. Департамент құзыреті шеңберінде инидждік жұмысты қалыптастыру. Министрліктің құзыретіне кіретін имидждік, талдамалық жұмыс мәселелері бойынша Министрліктің және басқа мемлекеттік органдардың баспасөз қызметімен жұмысты ұйымдастыру. Министрліктің басшылығы үшін талдамалық ақпарат дайындауға қатысу. Министрлік басшылығының тезистерін, баяндамаларын, брифингтерін дайындауға қатысу. Департаменттің құзыретіне кіретін жұмысты ұйымдастыру және қорытындысын шығару. Министрлік басшылығының таныстырылым материалдары мен сөйлейтін сөздерін дайындау. Департаменттің құзыретіне кіретін Министрлік қызметінің бағыттары бойынша баяндамалар мен сөйленетін сөздердің тезистерін дайындау. Департамент құзыретіне кіретін Министрлік қызметінің бағыттары бойынша баяндамалар мен сөйленетін сөздердің тезистерін дайындау. Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін Министрлік қызметінің жетекшілік ететін бағыттар бойынша ұсыныстар дайындау. Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тоқсан сайынғы ішкі мониторингін жүргізуді ұйымдастыру. Министрлік, оның ведомствосы, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді орталық мемлекеттік орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына жыл сайынғы ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді ұйымдастыру. Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша мониторинг және есептер дайындау бойынша қызметті ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 22.12.2020

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    23.12.2020 – 25.12.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы

    Анықтама алу үшін байланыс

    +77751823239