ҚР ЦДИАӨМ Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті Инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 25.06.2022 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Көлік құрылысы
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: математика
- Білім: физика
Функционалды міндеттер
- Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарайды, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындайды, инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талдау жүргізеді, инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді.
- Инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру шеңберінде бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді.
- Отандық ғылым мен технологиялардың жетістіктерін пайдалану және оларды инновациялар, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресс мүддесінде насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен талдамалық зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру.
- Басқарма құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу.
- Басқарманың құзыреті шегінде ғылыми-техникалық әзірлемелер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісу.
- Ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды іске асыру.
- Министрліктің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру.
- Отандық дизайн орталықтарын (конструкторлық бюроларды), құзыреттілік орталықтарын дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларының мониторингі.
- Реттелетін салаларда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларын әзірлеу.
- Министрлік жетекшілік ететін салалардағы ғылыми-техникалық жобаларды қаржылық-экономикалық талдау.
- Маркетинг, ғылыми-техникалық қызмет жобаларын коммерцияландырудың экономикалық орындылығына қаржылық шолу.
- Белгіленген тәртіппен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарын, оның ішінде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі конкурстарды өткізуді жүзеге асыру.
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау.
- Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Бақылау құжаттарын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 07.10.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
08.10.2020 – 16.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239